Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 19 Шілде (18:55)
Официально

Язык: Қазақша

Азаматтық-патриоттық тәрбиенің ажырамас бөлігі – ұлттық спорт түрлерін жаңғырту және дамыту арқылы жалпыұлттық патриотизм идеясын жүзеге асыру болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда қазақ күресі кеңінен танымал болып келеді. Мұнда осы бір әдемі спорт түріне шын ниетпен берілген меценаттар мен жанкүйерлердің еңбегі зор екендігі сөзсіз. Сондай жандардың бірі – күрес қозғалысын дамытуға үлес қосып келе жатқан «ЗАККАР» спорт клубының президенті Абай Құрмашұлы Зикиров.

Самбо және қазақ күресінен спорт шебері, республикалық және облыстық чемпионаттар мен жарыстардың бірнеше мәрте жүлдегері Абай Құрмашұлы осы бір спорт түрін Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы өзінің туған Пушкин ауылында, қазіргі Ақбел ауылында насихаттай бастады. Ауыл балалары үшін қазақ күресінен тегін секциялар ашты. Бүгінгі күнге дейін ол Ботақара кентінде екі халықаралық және бір республикалық турнир өткізді.

Бүгін Зикировтың тәрбиеленушілері республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен қатысушылары болып табылады. Оның спорт клубы мүшелерінің соңғы жетістіктері: самбошы Бейімбет Қанжанов – «Париж Гран-Приінің» жеңімпазы болды және Айдын Дартаев – Қажымұқан Мұңайтбасовты еске алуға арналған қазақ күресінен халықаралық турнирде бірінші орынды иеленді. Жыл сайын Абай Құрмашұлы «Сарыарқа Барысы» облыстық біріншілігін және осы спорт түрінен басқа да жарыстарды өткізудің белсенді ұйымдастырушысы және демеушісі болып табылады.

Бұл меценат қазіргі кезде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Қазақ күресінен ұлттық спорт түрін замануи деңгейде дамыту және насихаттау» жобасын жүзеге асыруда. Осы бағдарламаны орындау аясында 12 маусым күні Бұқар жырау ауданының Ақбел ауылында 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен «ЗАККАР» спорт клубы Президентінің жүлдесі үшін ашық облыстық турнир ұйымдастырылып, өткізілді. Жүлде қоры – 300 мың теңге.

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырып жатқан біздің бұл жобамыз болашақ ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісіне ықпал етері сөзсіз. Қазақстандықтар халықтың салт - дәстүрлерін жоғалтпай, жаһандық сын-қатерлерге жауап беруге мүмкіндігі бар бәсекеге қабілетті ұлт болуы тиіс, - деп атап өтті Абай Зикиров. - Турнирге Қарағанды, Павлодар, Баянауыл, Ақтау, Абай, Шахтинск, Қарқаралы, Ботақара, Доскей, Жаңаөзен және Ақбел қалалары мен ауылдарынан барлығы 75 спортшы қатысты. Балалардың ширыға түсуі үшін жарыс циклдары жетіспей жатады. Оларға алғаш рет ынталандыру сыйлықтары тағайындалды және бұл алдағы уақытта біздің дәстүрімізге айналады деп ойлаймын. Айтпақшы, көптеген сыйлықтар табыс етілді, ең әділ төрешіге бір қошқар берілді.

Осы турнирде Ақбел тұғандары арасынан бірнеше чемпион шықты. Олардың арасында Алдияр Рамазан (42 кг) және Алжан Шакарым (46 кг) бар. Бұған қоса Абай балуандары да лайықты өнер көрсетті. Олар үш алтын медальға ие болды. Алихан Мусинов (57 кг), Қадырбек Төлен (64 кг) және Төлеген Басмұрзаевтар (72-81 кг) жеңіс тұғырынан көрінді. Павлодардан келген Асанәлі Байділда (51 кг) өз салмақ санатында чемпион атанды. Жеңістің көпшілігі Абай балуандарының үлесінде кетті.

 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика