Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 21 Қыркүйек (02:26)
Официально

Язык: Қазақша

Бүгін Абайда жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.

Онда үлкен әмбебап ойын залы, бокспен, күреспен және тренажерлерде жаттығумен айналысу үшін жабдықталған бөлмелер де бар.

ДШСК-нің ашылуымен қала тұрғындарын Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, ҚР МСК Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, Абай бокс мектебінің негізін қалаушы, аты аңызға айналған жаттықтырушы және спорт ардагері Андрей Богданович Райш құттықтады. Ашылу салтанатына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов, депутаттар, қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысты.

- Бұл тек Абай қаласы үшін ғана емес, бүкіл облысымыз үшін маңызды оқиға, - деп атап өтті өңір басшысы Ерлан Қошанов. – Бұл ДШСК-де өзінің туған қаласын және біздің Қазақстанымызды әлемдік аренаға танытатын спорттың жаңа жұлдыздары шыға беруіне тілектеспін.

Айта кетейік, өткен жылы Абайда бассейн ашылған болатын, онда ересектермен қоса балалар да спортқа жаттығады, онда мұндай мүмкіндікті көптен бері күткен мүгедектер де рахаттана жүзеді. Жаңа ДШСК-де де әр түрлі жастағы жүздеген қала тұрғынының спортпен айналысатындығына сенімдіміз. 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика