Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 19 Маусым (21:30)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағандыда біздің өңірімізде спорттың осы түрін дамытуға ерекше үлес қосқан Сергей Николаевич Есаулковты еске алуға арналған, теннистен республикалық турнир басталды.

Тамаша жаттықтырушы, ұйымдастырушы, аса құрметті азаматты еске алуға арналған біріншілік тенниспен айналысатын талантты және соған берілген 12 жасқа дейінгі көптеген балалар үшін өздерін таныстыруға зор мүмкіндік тудырып отырғаны сөзсіз.

- Қазақстанның барлық өңірінен мықты жас спортшылар қатысып, жарысқа түсіп жатқан бұл дәстүрлі, рейтингті турнир. Биыл оған Қырғызстанның өкілдері қатысып жатқандығы көңілді қуантады. Қарағанды облысынан жиырма бала өнер көрсетеді. Олардың алдыңғы орындардан көрінетіндігіне сенімдіміз, - дейді Облыстық теннис федерациясының вице-президенті Сергей Щербаков.

Турнир 8 маусымға дейін созылады. Біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері планшеттермен, жүлдегерлері – ұялы телефондармен және спорттық сағаттармен, сол сияқты Қарағанды облысы теннис федерациясының медальдарымен, грамоталарымен және кубоктарымен марапатталады.

... Сергей Николаевич Есаулков 1958 жылы 21 қазанда Свердлов облысының Волочинское қаласында шахтерлер отбасында туған. Мектепте оқып жүрген шағында спортпен белсене айналыса бастайды. Оның әскери қызметі спорт ротасында өтеді, онда негізінен шаңғы дайындығына ерекше көңіл бөлінеді. Әскерден босаған соң Сергей Николаевич  Карпинский машина жасау зауытында слесарь, электрик болып еңбек етеді және спортпен айналысуын жалғастыра түседі. 1981 жылы ол Қарағандыға келеді. Мұнда ол энергетик, инженер-конструктор, дене шынықтыру жөніндегі әдіскер, шаңғы жарысы жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы болады, республикалық және бүкілодақтық жарыстарда табысты өнер көрсетуін жалғастырады, КСРО Спорт шебері нормативін орындайды. 1987 жылы Есаулков Костенко атындағы шахтаға жұмысқа ауысып, кеншілердің қиын еңбегіне көз жеткізеді, онда тенниспен бірінші рет танысады. Пединституттың дене тәрбиесі факультетін бітірген сәттен бастап Сергей Николаевич өзінің барлық өмірін біздің өңірдегі теннисті дамыту жөніндегі жаттықтырушылық және ұйымдастырушылық жұмыстарына арнады. Ол өзінің маңына әріптес-пікірлестерін жинай білді, көптеген турнирлер ұйымдастырды және оларды өткізді. Сергей Есаулков он жылдан астам теннистен облыстың аға жаттықтырушысы болды және көптеген атақты спортшылар тәрбиелеп шығарды. Осы бір тамаша адамның өмірі 2007 жылы 12 мамыр күні қайғылы жағдайда кілт үзілген еді.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика