Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 21 Қыркүйек (02:27)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағанды облысының Жәйрем кентінде бокс залы ашылды.

Осы елді мекенде тұрып жатқан 70-ке жуық бала бокстан Рымғали Хасенұлы Мұздыбаевта жаттығады. Оның тәрбиеленушілері өте жақсы нәтижелерге жетіп жүр. Мәселен, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Виолетта Князеваны алатын болсақ, ол ұлттық құрама команданың мүшесі.

Тәлімгері мен оның қарамағындағылар осы уақытқа дейін жергілікті мектепте және Мәдениет үйінде жаттығып келген еді. Енді олардың өздерінің тұрақты жаттығу орындары – боксқа жабдықталған залдары бар. Оның негізгі иелері былғары қолғап шеберлері болғанымен, онда бұған қоса балуандар мен ойын спорты түрлерімен айналысушыларға да мүмкіндік қарастырылған.

Боксшылар өздерінің қоныс мерекесін 2007-2008 жылдары туған балалар арасында Жәйрем кентінің біріншілігімен атап өтті. Турнирге қатысушылар «Казцинк» компаниясы мен жергілікті биліктің арқасында спортшыларды қуанышқа бөлеген спорт залы мен жаттығу бөлмелеріне өте жоғары баға берді.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика