Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 23 Шілде (11:48)
Официально

Язык: Қазақша

«Armanǵa jol 2019» жартылай марфонына қатысу үшін қазірдің өзінде үш мыңға жуық адам тіркеліп үлгерді. Сіздер де асығыңыздар! Қарағандыдағы ауқымды спорттық оқиғаның Сіз де бір бөлегіне айналыңыздар!

Еске сала кетейік, «Armanǵa jol 2019» жартылай марафоны 19 мамыр күні сағат 8:00-ден 12:00-ге дейін өтеді. Сөре мен мәре Тәуелсіздік алаңында. Жарыс бағдарламасына 21 км, 14 км, 7 км, 2 км қашықтыққа жүгіру және 7 км скандинав жүрісі енгізілген. Айтпақшы, жүгіруге тіркелген барлық қатысушылар сақтандырылады. Әрине, жартылай марафонның барлық бағыттарында медиктер кезекшілікте болады. Дегенмен, жүгіру кезінде алған жарақаттан соң қандай да болмасын асқыну пайда болса, денсаулыықты қалпына келтіру жөніндегі шығында сақтандыру компаниясы өз мойнына алады. Бірақ өткен жылдардағыдай қашықтыққа жүгіру кезінде бақыытсыздық оқиғасы болмайды деп өте қатты сенеміз. «Armanǵa jol» бұл жүгіруге қатысқандар үшін жарқын және ұмытылмас сезім сыйлайтын оқиға! Тәуелсіздік алаңында өтетін спорттық-концерттік шоу үш сағат бойы көрермендердің көзайымына айналады.

Бұған қоса, осы спорттық шараларды өткізумен байланысты Қарағандыда 19 мамыр күні сағат 8-ден 12-ге дейін Бұқар жырау даңғылы (Н.Әбдіров даңғылынан Ленин к-нің қиылысына дейін), Ленин к-сі (Бұқар жырау даңғылынан Терешкова көшесіне дейін), Мұстафин к-сі  Н.Әбдіров даңғылымен қиылысына дейін, Н.Әбдіров д-ның бір жағы және Нұрсұлтан Назарбаев д-ның бір бөлегі (Бұқар жырау д-нан Ерубаев к-нің қиылысына дейін, Ерубаев к-сі (Нұрсұлтан Назарбаев д-ы қиылысынан Әлиханов к-нің қиылысына дейін) жабық болады. Жартылай марафон жексенбі күнгі таңертең өтетіндіктен, көшелердің жабылуы қала тұрғындарына үлкен қиындық келтірмейтіндігіне сенімдіміз. Иә, бұл мәселе бойынша реніш білдіргеннің орнына Қарағандыдағы орасан спорттық мерекеге қатысушы болғаныңыз дұрыс деп ойлаймыз! Барлық нақты мәселелерді qaragandy-marathon.kz сайтынан біле аласыздар.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика