Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 23 Шілде (10:56)
Официально

Язык: Қазақша

Теміртауда волейболдан ерлер командасы арасында ҰҚК полковнигі Жақан Медеубаевты еске алуға арналған ХХІІІ халықаралық турнир болып өтті.

Біріншілік 11 және 12 мамыр күндері «АрселорМиттал Теміртау» спорт кешенінде өтті. Турнирдің салтанатты ашылуына Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды облыстық департаментінің бастығы, генерал-майор Кендебай Адамбеков, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов, Жақан Мұқатайұылының жары – Мара Медеубаева, спорт және ҰҚК ардагерлері қатысты. Жарыста жеңіске жету үшін 13 команда сынға түссе, олардың арасында Ресейдің, Қырғызстанның және Өзбекстанның командалары болып, барлығы 200-ге жуық адам қатысты.

Бұл турнир тұңғыш рет 1997 жылы өткен еді. Ол аты аңызға айналған адам, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі, Отанымыз алдындағы борышын 25 жыл бойы адал да жарқын атқарған, сонымен қоса дене шынықтыру мен спортты бұқараландыруға, әсресе волейболды дамытуға ерекше көңіл бөлген Жақан Медеубаевты еске түсіруге арналды. Бұл біріншілікті өткізу тамаша, халықаралық беделді дәстүрге айналды. ХХІІІ турнирдің құрметті қонақтары мен қатысушылары Жақан Медеубаевты бір минут үнсіздікпен еске түсріпі, оның портретінің алдына гүл шоқтарын қойды.

- Біріншілікке шақырғаны үшін оны ұйымдастырушыларға алғысымыыз шексіз. Бізді жылы қарсы алды! Жарыс өте тамаша ұйымдастырылған! Мен турнирге бірінші рет қатысып отырмын, енді бұдан соңғы жарыстарға үзбей қатысатындығымыз сөзсіз. Өйткені, мұндай жарыстар – тек спорт қана емес, ол сонымен қоса әр өңірдің, елдердің өкілдерінің және кәсіп иелерінің достық қарым-қатынасы екендігі сөзсіз, - деп атап өтті Бішкектен келген «Искра» командасының ойыншысы Дмитрий Козловский.

Бұл жерде турнирдің ашылу салтанаты кезінде «Арлан» арнайы бөлімшесінің көрсету бағдарламасының өте қызықты болғандығын атап айтуымыз керек. Арнайы құралдарда пайдалана отырып, кепілге алынғандарды босату көріністері көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

Осындай тамаша ашылу салтанатынан соң біріншіліктің өзі де қызу тартыспен өтті. Сондай табанды күреске қатысқан 13 команданыың нәтижесі мынадай болды:

Ардагерлер:

1 орын – Динамо (Бішкек)

2 орын – ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы

3 орын – Солтүстік Қазақстан облысы

 

Ойыншы командалар:

1 орын – «Ташкент» (Өзбекстан)

2 орын – «АрселорМиттал Темиртау»

3 орын -  Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң академиясы


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика