Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 23 Шілде (10:58)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағанды қаласында ұлттық спорт түрлері фестиваліне 500-ге жуық спортшы қатысты.

Еске сала кетейік, бұл Отан қорғаушылар күніне және ҰОС жеңістің 74 жылдығына арналған науқан болды. Қарағандыдағы ұлттық спорт түрлерінің фестивалі аясында 4 мамыр күні бірнеше қызықты шара бір мезгілде өткізілді.

№74 мектепте жас жеткіншектер арасында тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өткен болса, оған қатысушылар саны рекордтық көрсеткішке жетіп, 200 адамнан асты.

Ат спорты базасындағы фестиваль де тамаша болды! Онда ең күрделі және адамды еліктіре түсетін спорт түрлері – жамбы атудан, теңге алудан, аударыспақтан жарыстар мен көрсету ойындары ұйымдастырылды. Балалар да ойынға құмарлана қатысты, олар тірі лақты ұстауды үйренді, садақпен атты, асық ойнады. Жарысқа толы сол күні ұлттық қазақ күресінен турнир өткен еді, бір сөзбен айтқанда жұртшылық оны да қызыға тамашалады. Оған ересектер де, балалар да рахаттана қатысты.

- Қарағанды өңірінде ұлттық спорт түріне ерекше назар аударылады, қазіргі кезде спорттың мұндай түрімен 42 мыңнан астам адам айналысады, - деп атап өтті фестивальді ашқан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов. – Спортшыларымыздың репсубликалық және халықаралық ареналардағы жарысқа қатысуы және ондағы нәтижелері жоғары болуы үшін биылғы жылы біз ұлттық спорт  түрлерін қаржыландыруды екі есеге арттырдық. Бұл өзінің оң нәтижесін беріп келеді. Қарағанды облысының жас және ересек спортшылары да Қазақстанның, Азияның, халықаралық біріншіліктердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып жатыр. Олардың жоғары шеберліктеріне біз осы фестивальде тағы да көз жеткіздік.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика