Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 23 Шілде (11:43)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағандылық Никита Тарнакин каратэден Азия чемпионы атанды!

Халықаралық жарыс Кота-Кинабалуда (Малайзия) өткен еді. Каратэден кадеттер, жеткіншектер мен жастар араыснда өткен Азия чемпионатына (WKF) 33 елден 500 спортшы қатысты. Ең таңдаулы жетістікке Жапония ие болса, 15 наградаға қол жеткізген Қазақстан жалпы командалық есепте екінші орынға шықты. Оның ішінде біздің каратэшілеріміз кумитэ түрінен ерекше көзге түсті. Ақтық сайысқа қазақстандыық 12 спортшы көтерілді. Бірақ бес финалдық жекпе-жекке шыққанымен кадеттер тек бір ғана «алтынға» ие болды. Оған Қарағанды облысы каратэ-до федерациясының (WKF) өкілі Никита Тарнакин ие болды. Чемпионды Валерий Леонидович Бокий жаттықтырады. Никита мен оның тәлімгерін жеңістерімен құттықтаймыз!

Айтпақшы, қарағандылық жас каратэшілер Вадо-рю (WKF ережесі) бойынша Қазақстан чемпионатында да көзге түскен еді. Республикалық біріншілікте алтын медальді Милана Саидова, Даниал Ибраев және Валерия Рудакова жеңіп алған болатын


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика