Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 19 Мамыр (18:31)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағандыда осы өткен демалыс күндері «Armanǵa jol 2019» жартылай марафонының жарқын Start up қана емес, сонымен қоса жаяу жарысқа қатысудан үміті барлар үшін саябақта алғашқы ашық жаттығу өткізілді.

Аса ауқымды оқиға - «Armanǵa jol 2019» халықаралық жартылай марафоны кеншілер астанасында 19 мамыр күні осымен үшінші рет өткізіліп отырғандығын атап айтуымыз қажет. Өткен жылы оған алты мыңнан астам адам қатысқан болатын. Осы ауқымды спорттық шараны ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда биылғы жылы қарағандылықтардың көпшілігі жартылай марафонның арнайы дайындалған трассасында 2 км (балалар үшін), 7 км, 14 км және 21 км 97,5 м қашықтыққа жүгірмек. Айтпақшы, «Armanǵa jol 2019»  биыл скандинав жүруін ұнататындарды да қабылдайды.

- Бұл спорт мерекесі, денаулық мерекесі, - дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов. – Барлық қарағандылықтарды, Қазақстанның басқа да қалаларындағы жүгіруді ұнататындарды өздерінің қатысуымен 19 мамыр күні Қарағандыда өтетін жартылай марфонды қолдауға шақырамын!

Ал, әзірше, «Armanǵa jol 2019» жартылай марафонын қолдау мақсатында 27 сәуір күні «Галерея» Сауда ойын-сауық орталығында аса бірегей Start up өткізілді, онда қалағандар жергілікті таланттардың өнерін тамашалады, онлайн тіркеуден өтті, брендтік фотоаумағында спорт жұлдыздарымен суретке түсті, Афинада өткен Олимпиадалық ойындардың жеңіл атлетикадан қола жүлдегері Дмитрий Карповтан №0001 старт номеріне қолдаңба алды. Енді мұндай нөмерді осы старттық акцияда белсенділік танытқан «АрселоМиттал Теміртау» шахтерлер тобы алды. Кеншілер өткен жылғы жартылай марафонда өздерін сынақтан өткізіп, тамаша рахатқа бөленген еді, енді олар «Armanǵa jol 2019» марафонында да жүгіретін болады.

Өйтпегенде ше! Жексенбі күні Қарағандының Орталық пркінде көл жағалауында жүгіруге қатысуға дайындалу үшін барлық үміткерлер ашық жаттығу жасады, бір сөзбен айтқанда таза ауада денелерін ширықтырды. Мұндай жаттығу 5 және 12 мамыр күндері өтетін болады. Қосылыңыздар!

Тіркелу және «Armanǵa jol 2019» марафонына қатысу туралы ақпаратты

http://qaragandy-marathon.kz сайтынан білуге болады.

 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика