Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 19 Мамыр (18:38)
Официально

Язык: Қазақша

Нұра мен Қарқаралы аудандарының палуандары «Қазақстан Барысы-2019» республикалық турнирінде Қарағанды облысының намысын қорғайтын болды.

Ұлытау дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде «Сарыарқа Барысы» облыстық турнирі өтті. Қазақ күресінің жарысына Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Сәтбаев, Шахтинск, Саран қалаларынан және өңірдің барлық аудандарынан 185 спортшы қатысты. Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Осакаров ауданының командасы – бірінші, Қарағанды қаласының командасы – екінші, Жаңаарқа ауданының командасы -  үшінші орынды иемденді. Абсолюттік салмақ санаты бойынша Нұра ауданынан келген, 1989 жылы туған  Бекзат Ахметбеков ең мықты палуан атанды. Біріншілікте Қарқаралы ауданынан келген, 1988 жылы туған Ерсін Мұхаметжанов күміс жүлдегер болды. Міне, осы атлеттер 8 маусым күні Нұр-Сұлтанда өтетін «Қазақстан Барысы-2019»  республикалық турнирінде Қарағанды облысының намысын қорғайтын болды. Айта кетейік, өткен жылы біздің облыстың өкілі Ержан Шынкеев бұл біріншіліктің жеңімпазы және 25 миллион теңгенің иегері болған еді.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика