Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 26 Маусым (14:34)
Официально

Язык: Қазақша

Жезқазғандық атақты самбошылар Отан алдындағы әскери борышын орындайды.

Қазіргі кезде көктемгі әскерге шақыру жүріп жатыр. Олардың қатарында жас болса да аттары ауызға ілінген спортшылар да бар. Азия ойындарының және Әлем кубогының жеңімпазы, жезқазғандық Бағлан Ибрагим мен оның жерлесі, Азияның екі мәрте чемпионы Әділет Саяжанов шақыру қағазын күтіп отырған жоқ. Олар ҚР Қорғаныс министрлігінің армияның Орталық спорт клубына қызметке өтініш жазды.

- Жігіттер өздерінің әсскери борышын өтеуге бел буды. Мен оларды мақтан етемін! Жақын күндері олар ант қабылдап, қызмет атқарып, Қазақстан әскерінің қатарында белдесетін болады, - дейді самбошылардың бас жаттықтырушысы Саят Серіков.

Әскери спортшылар Қазақстанның Қарулы күштерінің бет-бейнесін нығайтуға тамаша үлес қосып келеді. Мәселен, ҮІІ қысқы Азия ойындарында ұлттық құраманың 16 пайызын солар құрап, жалпы марапаттың 33 пайызын солар ұтып алған болатын. 16-шы жазғы Азия ойындарында әскери спортшылар Қазақстан командасының 20 пайызын құрап, ортақ үлеске түскен медальдардың 37 пайызын солар әкелді. Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында еліміздің Қарулы Күштері спорттың он түрінен: жеңіл атлетикадан, байдарка мен каноэден, синхронды жүзуден, дзюдодан, бокстан, жүзуден, ауыр атлетикадан, осы заманғы бессайыстан, еркін және әйелдер күресінен 27 әскери спортшы жіберген болса, бұл ұлттық құраманың бестен бір бөлегі еді. Төртжылдықтың осы басты ойындарында ҚР ҚМ-нің ЦСКА өкілдері, кпитандар Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика) үш мәрте секіруде тамаша нәтиже көрсетті (14,98 метр), сол сияқты Серік Сәпиев ақтық жұдырықтасуда британдық спортшыны тізе бүктіріп, Олимпиаданың ең таңдаулы боксшысы ретінде Баркер Кубогын жеңіп алды. Бұл екі тамаша тартыс Қазақстан Республикасының ортақ үлесіне екі бірдей алтын медаль әкелді. Әскери спортшылардың жоғары шеберлігі, жеңіске деген табындылық пен ерік-жігері әскери спортты одан әрі дамытуға, халықаралық беделді нығайтуға тамаша ынта тудырып, сол арқылы жас ұрпақтың патриоттық сезімін бекіте түсті.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика