Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 26 Маусым (15:01)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағандыда жылы маусымдағы Street Workout жаттығуы бастау алды

Ашық алаңда, Республика даңғылының бойындағы спорт алаңшасында өткен бұл шараға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов, облыстық Дзюдо федерациясының басшысы Евгений Кондратьев, сол сияқты құрметті қонақтар – Әлемдік стрит воркаут және стритлифтинг федерациясының президенті Денис Минин және «Қазақстандық 100 есім» жобасының жеңімпазы, Малайзияда өткен Азия жастары Паралимпиадалық ойындарының қола жүлдегері, қоғам қайраткері Серік Есматов қатысты.

-  Воркаутпен мен төрт жыл бұрын ғана айналыса бастадым. Мен, әрине, кәсіпқойлар сияқты күрделі жаттығулар жасай алмаймын, мен тек өзімнің дене мүшемнің қалпын сақтау үшін жаттығамын, - дейді Серік Есматов.- Воркаут пен фитнесті, өзімнің жақсы көретін, отырып ойнайтын волейболды кезектестіріп отырамын, соның нәтижесінде Азия ойындарының жүлдегері атандым. Қарағандыда көшедегі гимнастика бұқаралық сипат ала бстауы қуантады, мұнда өздерінің чемпиондары да бар. Өңірде алаңшалардың саны артқаны тамаша болды, онда спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік мол.

Серік Есматов шағын шеберлік сыныбын көрсетті, ол мұнымен Street Workout-пен кез келген адамның айналысуына болатындығын дәлелдеді. Бұдан соң дайындық көрсетілімдерін қарағандылық жігіттер жалғастырды. Күн жылынған соң енді олар Оңтүстік Шығыстағы осы алаңда аптасына екі рет, мүмкін одан да жиі айналысатын шығар. Бұл шараның ең басты тиімділігі – мұндай әдеттен тыс әрекетті көптеген адамдар келіп тамашалады, олардың арасында жастар мен балалар да көп еді. Спорттың рухынан жігер алған ұлдар, сол жердің өзінде турниктерге асылып, әлі де жаттықпаған қимылдарын көрсете бастады. Ал, жас жігіттер мұнда қандай мезгілде келуге болатындығын ұйымдастырушылардан белсенді түрде сұрап, Street Workout-пен, яғни, спортпен айналысуға деген өздерінің тілектерін білдіріп жатты.

 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика