Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 21 Сәуір (14:23)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағандылық ауыр атлетші жасөспірімдер арасында Қазақстанның рекордын жеті рет жаңартты!

Бұл Қызылордада болған еді. Ол жерде жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгі қыздар арасында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өткізілді. Еліміздің 14 облысынан, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан 18 команда, барлығы 200-ден астам спортшы медаль үшін тартысқа түсті.

Алты күн бойы Қазақстан жасөспірімдері арасында жанталасқан жарыс өтті. Қарағанды облысынан он спортшы қатысты. Облыстық кешенді спорт мектебінің өкілі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Артем Антропов 96 кг салмақ санатында жасөспірімдер арасында жұлқи көтеруден – 155 кг, итере көтеруден – 205 кг, қоссайыста барлығы 360 кг салмақ көтеріп, Қазақстанның жеті (!) рекордын жаңартты. Оның аталған түрлері бойынша әрбір көтеру сәті еліміздегі таңдаулы көрсеткіш болып табылады.

Антропов Қазақстан чемпионатының алтын медалін жеңіп алды және осы жарыстың қорытындысы бойынша ҚР ұлттық құрамасының құрамында Нови Извор қ. (Бұлғария) өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырылды. Онда біздің Артем маусым айында Сува қ. (Фиджия аралы) жасөспірімдер арасында өтетін әлем біріншілігіне дайындалатын болады. Болашағынан үміт күттіретін жас спортшыны Иван Сергеевич Снегуров жаттықтыруда.

Қазақстан чемпионатында қыздарымыз да бізді жерге қаратқан жоқ! Екінші орындарды, ол да облыстық кешенді спорт мектебінің тәрбиеленушісі Аиша Омарова мен Теміртау ОМОРМИК тәрбиеленушісі Софья ЛООС жеңіп алды.  Қола медаль металлургтер қаласынан келген Екатерина Серякованың үлесіне тиді.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика