Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 21 Сәуір (14:31)
Официально

Язык: Қазақша

Сіз жүрек кенеттен тоқаған жағдайда алғашқы көмек көрсете аласыз ба?

Биылғы жылдың басында Қазақстан Республикасының Халық саулығы және денсаулық жүйесі туралы кодекске «Алғашқы көмек» түсінігі енгізілуі, арнайы медициналық білімі жоқ жандардың, дәрігерлер бригадасы келгенше көрсеткен алғашқы көмегінің мәні зор екендігіне куә бола алады.

Спортпен айналысу кезінде төтеннен жүректен қайтыс болу проблемасын және кәсіби спортшылар мен спортқұмарлар арасында, сол сияқты дене шынықтыру сабағы мен спорт секцияларында жаттығу кезінде балалар арасында қайтыс болуды болдырмаудың түбегейлі шараларын маңыздандыру мақсатында Қарағанды облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасы «Ақ жүрек» қоғамдық қорымен (Нұр-Сұлтан қ.) бірлесе отырып, «Спортта және дене шынықтыру кезінде төтеннен қайтыс болуды болдырмау жөніндегі заманауи шаралар» деген тақырыпта семинар өткізді. Оған спорт мектептерінің басшылары, жаттықтырушылар және федерациялардың өкілдері, барлығы жүзге жуық адам қатысты.

- Біздің айналысып жүрген бұл жобамыз «Әр секунд есепте» деп аталады, - деп нақтылай түсті «Ақ жүрек» қоғамдық қорының директоры Руслан Масхұтов. – Егер статистикаға көз жүгіртсек, миллион қазақстандыққа жүректің кенеттен тоқтауының 30 оқиғасынан келеді. Мұндай оқиғалар спортпен айналысу және дене шынықтыру сабақтары кезінде жиі кездеседі. Бір жыл ішінде жиырмадан астам бала мен жеткіншектің қайтыс болу оқиғасы тіркелді. Осы жуырда ғана Қарағандыда жаттығу кезінде бір спортшы қаза тапты, оның жүрегі тоқтап қалды. Міне, осындай қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін адамдар дәрігерлер бригадасы келгенше қалай алғашқы көмек көрсетуді білуі керек. Мұндай жағдайда әрбір секунд есепте. Біздің жобамыздың басты мақсаты – адамдарға алғашқы көмек көрсетуді үйрету және идеялымызда адамдардың көбірек шоғырланатын жерлерінде жалпыға қол жетімді автоматты дефибрилляторлар орнату. Мен заманауи, ақылды, жинақы аппарат туралы айтып тұрмын, ол не істеу керектігін өзі айтады. Біз мұны астанамыздан бастаған болатынбыз, қазір осы бағытта елеулі алға басушылық бар екендігін байқадық. Енді өзіміздің идеямызды басқа қалаларға да ұсынып жатырмыз. Қарағанды облысы спорт басқармасының алғашқылардың бірі болып оқыту семинарын өткізу туралы біздің ұсынысымызды қабыл алғаны үшін қуаныштымыз.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика