Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 26 Маусым (14:31)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағандының үш балалар бақшасында футбол секциясы пайда болып, онда бүлдіршіндер рахаттана доп тебеді!

Кеше «Дарынды бала» балалар бақшалары желісі мен «Шахтер» клубы арасында қызметтестік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісімнің басты мақсаты – Қарағанды облысында балалар футболын дамыту болып табылады, ол мектепке дейінгі мекемелерде спорттың осы түрімен айналыстыруды көздейді.

- Меморандумға қол қоймас бұрын бұл жобаның қағаз жүзіндегі жоспар болып қалмай, жұмыс істеп кетуі үшін бірталай іс атқардық, - деп атап өтті «Шахтер» ФК-ның балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту жөніндегі атқарушы директоры Наталья Сухорукова. – Бала ерте жасынан спортпен айналысса тіпті жақсы екендігі сөзсіз. Қазір «Дарынды бала» желісінің үш балалар бақшасындағы біз ұйымдастырған футбол секциясында олар рахат сезіммен ойнап жүр. Балалар аптасына екі рет өткізілетін жаттығуға барғанша асығады. Оларға ұнайды! Атап айтамын, көптеген еуропалық елдерде футболмен үш-төрт жастан бастап айналыстыру тәжірибеге айналған.

- Ойыңызға алып көрсеңіз, белгілі бір базалық дайындығы бар бұл балалар Футбол орталығына жеті жастан келгендерден басым түседі. Сондықтан да соларға арналып, одан әрі дайындық жүргізу үшін арнайы бағдарлама жасаған дұрыс, - дейді «Лидер» балалар спорт мектебінің директоры және Қазақстан футбол федерациясының өңірлік жаттықтырушысы Евгений Свешников. – Шынын айтқанда, біз проблемаға тап болдық – бізде балалар жаттықтырушысы жоқ. Бұл белгілі бір жеке бейімділікті талап ететін ереше қызмет. Сондықтан, бұл жұмысты одан әрі дамытуға мүмкіндік жасау үшін өзіміздің жаттықтырушыларымыздың мектебін ашуымыз қажет. Әзірше біз бұл жобаны балалар бақшасында пилоттық режімде жүзеге асыратын үш кәсіпқой адамды таптық. Дегенмен, болашағы зор бұл бағыт бойынша жұмыс одан әрі дамытыла береді.

- Футбол – командалық ойын, біздің балалар бақшаларындағы жұмыс принциптерінің бірі – балалардың көшбасшылығын дамыту, - деп өз ойын ортаға салды «Дарынды бала» балалар бақшалары желісінің құрылтайшысы Айнагүл Хамитова. – Мұнда икемді болу қасиеттері және өзінің мақсатына жетуге ұмтылыс дамытылады, ол үшін команданың бірігуі және арнайы стратегия жасалуы қажет. Ең бастысы – балалардың дендерін сау етіп өсіру. Сондықтан біз өзімізде осы жобаны енгізуге келістік, ол өздеріңіз көріп отырғандай, балаларға рахат сезім және оң көңіл күй әкеледі.

Бұл, әрине, шындық! Бүлдіршіндерге жаттығудың ұнайтындығы сөзсіз, ол үшін, айта кету керек, ата-аналарының қосымша ақы төлеуі қажет емес.

 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика