Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 26 Маусым (14:46)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағанды облысында волейбол кең тараған спорт түрі болып қала береді.

Мәелен, Қарқаралы қаласындағы №1 және №2 мектептердің спорт залдарында 35 жастан асқан аудан тұрғындары арасында волейболдан жарыс өтті. Біріншілікке қатысуға талап білдіргендер аз болған жоқ. Қарқаралы қаласының, Нұркен, Бесоба, Көктас, Егіндібұлақ, Жаңатоған, Аманжолов, Балқантау ауылдарының сегіз командасы жеңіс үшін күш сынасты.

«Алаңдардағы жанталас қалжың емес еді. Командалар әрбір доп үшін жанталасып, нағыз күреске шықты», - деп атап өтті турнирді ұйымдастырған Қарқаралы спорт бөліміндегілер.

Жарыс қорытындысында бірінші орынды көктас ауылының, екінші орынды Бесоба ауылының, үшінші орынды Нұркен ауылының командалары жеңіп алды.

Бұған қоса жуырда Балқаш дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде волейболдан қалалық турнир өтті. Ашығын айтқанда бұл жолы қыздар командалары Совет Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске түсіруге арналған жүлдені сарапқа салды. Оған алты команда қатысты. ДШСК өкілдері жеңіске жеткен болса, жергілікті спорт мектебінің және №1 орта мектептің өкілдері жарыстың жүлдегерлері атанды.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика