Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 26 Наурыз (20:33)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағанды облысының командасы ауыр атлетикадан Қазақстан Кубогында және чемпионатында 20 медаль жеңіп алды.

Республикалық турнир Шымкентте болды. Ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан еліміздің жекелей-командалық Кубогы және Чемпионаты өткізілді.

Жарысқа 14 облыстан және Астана мен Алматы қалаларынан 15 ерлер командасы, 12 әйелдер командасы, барлығы 165 спортшы қатысты. Қарағанды облысының намысын 17 адам қорғады.

Қазақстанның ауыр атлетикадан аса мықты спортшыларының арасындағы бәсекелік тартыс бес күнге созылды. Қарағанды облысынан барған салмақ санаттары арасында Руслан Фирсов, Владимир Абрамов, Кирилл Староверкин, Абзал Қыдыров, Аиша Омарова, Ақерке Шилдээвай және Любовь Ковальчук жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Олар бір алтын, бес күміс және 14 қола медальға ие болды. Таңдаулылар арасында облыстық кешенді спорт мектебінің, жоғары спорт шеберлігі мектебінің және Ә.Молдағұлова атындағы мектеп-интернаттың өкілдері бар.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика