Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 22 Мамыр (13:50)
Официально

Язык: Қазақша

Жұмажан Әкеновты еске алуға арналған палуандар турниріне 16 жасөспірім қыз қатысады.

Қарағандыдағы жарысқа Қазақстанның он өңірінен екі жүзден астам спортшы келді. Біздің облыста еркін күрестің негізін қалаған, еңбек сіңірген жаттықтырушының турнирі осымен 25-ші рет өтіп отыруы оның елге танымалдығын, жұртышылықтың білетіндігінің белгісі. Оны биылғы жылы Талдықорған қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы республикалық біріншілікте өңір намысын қорғайтындарды таңдап алу үшін жаттықтырушылар әдейі Қазақстан чемпионатының алдында өткізіп отыр.

- Қарағанды облысынан турнирге елу адам қатысады, олардың көпшілігінен біз үлкен үміт күтіп отырмыз. Оның ішінде қыздар да бар. Турнирге қатысатын қаздардың саны он алты болса, оның ішінде жетеуі қарағандылықтар. Айтпақшы, жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар мен грамоталармен қоса турнирдің демеушілерінен арнайы жүлделер де алады, - деп атап өтті жарыстың бас төрешісі Ксения Дробина.

- Кілемге шыққанда Қазақстандағы еркін күрестің тарихын жалғастырушы екендіктеріңізді ұмытпаңыздар, сіздер өзінің барлық ғұмырын спорттың осы бір тамаша түрін дамытуға арнаған адамды еске алуға арналған турнирдің жеңімпазы болу үшін күресіп жатқаныңызды ұмытпаңыздар, - деді өзінің сөзінде дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов. – Мен бұл жарыстың сіздердің көпшілігіңіз үшін жаңа жетістіктерге бастайтын баспалдық болатындығына сенімдімін. Бірақ сіздер осы алғашқы жасөспірімдік шақтың жеңісі мен жеңілісін ешқашан ұмытпайтындықтарыңыз сөзсіз. Ешқашан да берілмеңіздер, еңселеріңізді түсірмеңіздер, ең соңына дейін күресіңіздер, сонда ғана жеңіс сіздің жағыңызда болады!


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика