Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 22 Мамыр (12:50)
Официально

Язык: Қазақша

Жеткіншек қарағандылық спортшылар Германияда таэквондодан рейтингтік ашық чемпионатта 12 алтын, алты күміс және бес қола медаль жеңіп алды!

- Жеткіншектерді, Облыстық таэквонда ІЕҒ федерациясының жаттықтырушыларын олардың тәрбиеленушілерінің мерейлі халықаралық турнирде жоғары жетістіктерге ие болғаны үшін  шын жүректен құттықтаймын, - деп атап өтті баспасөз мәслихатында Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов. – Чемпионатқа әр түрлі елдерден 2015 жасөспірім жауынгер қатысқан болатын. Қазақстанның құрама командасы жалпы командалық екінші орынға ие болса, бұл табысқа біздің жас спортшыларымыздың қосқан үлесі аса зор.

Облыстық таэквонда ІЕҒ федерациясының вице-президенті және жаттықтырушы Ербол Игембаев:

- Біздің жеткіншектеріміз үшін Германия сапары аса маңызды болды. Біз олардың еуропалық мектеп өкілдерімен сайысқа түскенін қалаған едік, бұдан біз ондай қарсыластардан қорқудың қажет емес екенін, оларды тек жеңу керек екенін түсіндік. Мәселен, сегіз жастағы Дінмұхаммед Қуанбек үшін саппрингте күміс медальді жеңіп алу онша қиындыққа түскен жоқ. Бұл туралы кішкентай жауынгер:

- Мен тіпті қорыққан жоқпын. Келесі жолы бұдан да жақсы боламын! – деп мойындаса, командадағы 12 жастағы жалғыз қыз бала, соған қарамастан чемпионатта бірінші орынды жеңіп алған Ангелина Вострякова:

- Біздің бәріміз жауынгерлік сезімде болдық, бір-бірімізге жанкүер болдық, жаттықтырушылардың айтқанын тыңдадық, сондықтан да осынша көп медальға ие болдық, - деп сөз кезегі келгенде қуанышпен атап өтті.

Сол сияқты халықаралық біріншілікте Әліби Мейрам, Ансар Алтынханов, Денис Шеерман, Расул Акимов, Ансар Жұмағалиев, Георги, Абдуладзе, Ерген Қуантай, Тамерлан Бөрібаев, Самшер Хажибаевтар да алтын медаль жеңіп алды. Құттықтаймыз!


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика