Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 26 Наурыз (20:28)
Официально

Язык: Қазақша

Студенттердің Облыстық спартакиадасының ашылуы жарқын оқиға және әдеттен тыс өзгеше болды.

Қарағанды қаласында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық уинверситетінің спорт залында 26 ақпан күні Қарағанды облысы әкімінің жүлдесі үшін студенттер арасында ХІІІ Облыстық спартакиадасы бастау алды. Бұл біріншілікте Жастар жылына арналып, облысымыздағы жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жастар арасында өтіп отыр.

Спартакиада спорттың 13 түрінен үш кезеңмен өткізіледі:

І кезең (ақпан – наурыз) – шаңғы жарысы, конькимен жүгіру спорты, Президенттік көпсайыс;

ІІ кезең (наурыз – сәуір) – тоғызұмалақ, шахмат, дойбы, стол теннисі, асық ату;

ІІІ кезең (қараша – желтоқсан) – баскетбол, шағын футбол, жеңіл атлетика, волейбол, қазақ күресі.

Спартакиадаға қатысушылар:

  1. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.
  2. Қарағанды медицина университеті.
  3. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті.
  4. Қарағанды мемлекеттік индустриальдық университеті, Теміртау қ.
  5. Орталық Қазақстан академиясы.
  6. Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясы.
  7. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті.
  8. Қарағандының «Болашақ» университеті.
  9. О.А.Байқоңыров атындағы ЖезУ.

Әрбір команданың құрамы 126 адамнан. Жарыс жекелей-командалық. Биылғы жылы спартакиаданы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті қабылдап алып, жарыстың ашылуын өткізді.

-  Қазіргі кезде жастар арасындағы салауатты және белсенді өмір салты өзінің бұқарылық шыңына жеткен, соған орай мемлекетімізде жас ұрпақтың дене шынықтыруын және рухани ұмтылысын қолдау үшін барлық мүмкіндік жұмсалып жатыр, - деді өзінің құттықтау сөзінде Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов. – Осы спартакиаданың арқасында естеріңізде әрқашан сақталатын көңіл-күй мен жанкүйерлік сезімді бастан өткеретіндіктеріңізге кәміл сенемін, сонымен қоса бұл жерде белсенді демаласыздар, денсаулыққа қолайлы жаңа күш-қуат жинайсыздар, жаңа достар, пікірлестер-достар табасыздар, ең бастысы – Қарағанды өңірінің спорттық дәстүрін нығайтасыздар. Сіздер еліміздің болашағы екендіктеріңізді естен шығармаңыздар! Жан жақты дамыңыздар, жаңа шыңдарды бағындырыңыздар, ешқашан берілуге болмайды, мінезді тәрбиелейтін және алға қойған мақсатына жетуге көмектесетін спортпен айналысыңыздар! Тек қана алға! Барлықтарыңызға сәттілік пен жеңіс тілеймін!

Бұл жолғы спартакиаданың ашылуы жарқын және әдеттен тыс өзгеше, нағыз жастық сипатта болғандығын баса айтуымыз керек. Жарысқа қатысушы әрбір оқу орнының студенттері өз оқу орнын ереше үлгіде таныстырып, өз командасына тұсаукесер жасады. Өте тамаша, жігерлі, ерекше сипатта болды!

-  Мұндай ашылу салтанаты бізге өте қатты ұнады, өзгеше жаңалықты, жігерлі болды, - деп бөлісті өздерінің әсерлерімен медицина университетінен келген жанкүйерлер. – Біздің команда спартакиадада тамаша өнер көрсетіп, бірінші орын алады деп сенеміз. Біз олар үшін жанкүйер боламыз!

Айтпақшы, өткен жылғы жарыста болашақ дәрігерлер күміс медаль жеңіп алған, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ бірінші орынға шығып, экономикалық университет үшінші орынды қанағат тұтқан еді.

 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика