Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 22 Мамыр (12:52)
Официально

Язык: Қазақша

Софиядағы халықаралық турнирде Абылайхан Жүсіпов күміс медаль жеңіп алды

Біріншілік Болгарияда 14-нен 19-шы ақпан аралығында өтті. Өзінің жеңісті жартылай финалында 69 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде украин спортшысы Евгений Барабановпен былғары қолғап түйістірген қарағандылық спортшы Абылайхан Жүсіпов қолын жарақаттап алған еді. Жаттықтырушылар штабы Өзбекстаннан келген боксшымен жұдырықтаспақ болған жерлесімізді финалдық сайысқа жібермеді.

Бірақ қарағандылық боксшы беделді турнирде күміс медальға ие болды. Мұның өзі тамаша нәтиже! Біз бокстағы үлкен үміт күтіп отырған жерлесіміздің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдреміз. 2018 жылы Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы, жастар арасындағы әлем чемпионы болған жерлесіміз 2020 жылы өтетін Олимпиадаға лицензия үшін сайысқа қатыспақ болатын.

Фото olympic.kz


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика