Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 20 Ақпан (11:34)
Официально

Язык: Қазақша

Қарқаралы ауданы Қарқаралы қаласында 2019 жылдың 19 қаңтар күні шаңғыдан тартысты сайыс өтті.

19 қаңтар күні Қарқаралы қаласының І каридор алаңында мектеп оқушылары арасында аудандық «Қарлы қыс-2019»  кіші спартакиадасы шеңберінде шаңғыдан жарыс болып өтті. Оған  ауданымыздың №1,2,10,12,16,17,20,23,26,27,28,32,34,42,44 мектептерінің оқушылары қатысып өз бақтарын сынады. Жарыс аудандық   дене шынықтыру және спорт бөлімі мен білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді. Оқушылар дүбірлі додада барын салды. Шаңғы жарысы ІІ топ бойынша жекелей ұлдар, қыздар арасында өткізілді. «Алуан-алуан жүйрік бар әліне қарай шабады» демекші,  І топ 6-7 сынып оқушылары қыздар арасында І орынды Бекмурза Бижан, ІІ орынды Дүйсен Ақбота, ІІІ орынды Тілеубек Назерке иеленсе, ұлдар арасында І орындарды Дүйсен Рамазан мен Мақыш Ұлар, ІІ орынды Құрал Ерасыл иеленді.  ІІ топ 8-10 сынып оқушылары арасында І орынды Смақан Ұлбосын, ІІ орынды  Жолжақсықызы Інкәр, ІІІ орынды  Марат Еркежан иеленсе, ұлдар арасында І орынды Тілеков Санжар, ІІ орынды Төлеу Мейірбек, ІІІ орындарды Баймулатов Данияр мен Кашаганов Дамир иеленді. Жарыстың жеңімпаздары аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтамалары мен бағалы сыйлықтарын иеленді. Жалпы осы «Қарлы қыс-2019» кіші спартакиадасында шаңғымен жүгіруге барлығы 110 бала қатысты.

Салауатты өмір салтын қалыптастырып, спортты сүюге, шымыр болуға тәрбиелейтін осындай бұқаралық шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика