Қарағандылық спортшылар Қазақстан чемпионатында семсерлесуден сегіз медаль жеңіп алды
Жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы республикалық біріншілік қаңтардың 21-нен 25-іне дейінгі аралықта Алматы қаласында өтті. Жарысқа Қазақстанның 7 өңірінен 87 спортшы қатысты. Қарағанды облысынан 14 адам өнер көрсетті.
Жарыстың қорытындысы бойынша біздің өңірдің құрама командасы кадет қыздары арасында жалпыкомандалық бірінші орынды (Полина Ко, Дарья Филимонова, Анна Пчелкова) және жасөспірім қыздар арасында екінші орынды (София Спичева және Ангелина Нұрмағамбетова) жеңіп алды. Қола марапатқа жекелей есепте Артем Саркисян, София Спичева мен Полина Ко ие болды.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Жалын» облыстық мамандандырылған спорт мектебінің тәрбиеленушілері.