Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 23 Шілде (10:56)
Официально

Язык: Қазақша

Көкпекті аулының мектеп мұз айдыны хоккей майданына айналды

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында 2004-2001 жылдары туған жасөспірімдердің шайбалы хоккейден чемпионаты болды. Көкпекті орта мектебінің хоккей мұз айдынында бес команда біріншілік үшін тартысты ойын өткізді. Жарыс айналма жүйемен өткізілді, яғни әрбір команда жарысқа қатысушы барлық қарсыласымен ойнап шығады.

Ауданның чемпионы болу үшін Ю.А.Гагарин атындағы ОМ, Орталық ООМ, «Майқұдық» (Қарағанды қ.) аула клубы және Көкпекті ОМ-нің командалары күш сынасты.

Жарыс қорытындысында жүлделі орындарға үш команда ие болды:

І орын – Көкпекті ОМ-нің №1 командасы,

ІІ орын – Орталық ООМ,

ІІІ орын - «Майқұдық» аула клубы.

- Бұқар жырау ауданының чемпионы атағына ие болған Көкпекті мектебінің тамаша ойынын атап өту керек, бұған қоса Орталық ООМ-нің командасы да өршіл мінез танытты – олар буллитке бір ұпай жіберіп алып, матч кезіндегі негізгі уақытта 4:4 есебімен ойнаған болатын. Жарыс жақсы деңгейде өтті, қызықты болды, балалар дән риза, - деп атап өтті Бұқар жырау ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Бауыржан Жүнісов.

 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика