Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 23 Шілде (10:57)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағандылық спортшылардың жаңа жылдағы алғашқы жеңісі!

Индонезияның Джакарта қаласында велотректен Азия чемпионаты (қаңтардың 9-нан 13-не дейін) өтіп жатыр. Қазақстан тұңғыш рет іс жүзінде бағдарламаның барлық түрі бойынша қатысуда. Біріншілік ересектер арасында да, сол сияқты жасөспірімдер арасында да өтуде. Азияның бұл чемпионатының атап айтарлық ерекше сипаты – веложарыста шабандоздардың ұтып алған ұпайлары олимпиадалық біліктілік кезінде есепке алынатын болады.

Сөйтіп, үш қарағандылық спортшы біздің ұлттық құраманың қоржынына қазірдің өзінде төрт ұпай салды. Қазақстанның ерлер командасы қола марапатқа ие болды. Бұл жүлдеге спортшыларымыз командалық жарыста қол жеткізді. Жарыс бағдарламасының бұл түріне Артем Захаров, Роберт Гайниев, Алишер Жұмақан және қарағандылық Роман Василенков қатысқан болатын. Бұл Қазақстанның командалық жарыстағы 2012 жылдан кейінгі алғашқы медалі.

Қарағандының жас влосипедшілері де өздерінің өнерлерімен жұртшылықты риза етті. Мәселен, Эльвира Хамзина алтын медальға командалық жарыста ие болса, топтық жарыста ұпай бойынша қолаға қол жеткізді. Андрей Крейс командалық спринтте үшінші болды. Бұл екі спортшы да 2001 жылы туған, Ә.Молдағұлова атындағы облыстық спортқа бейімді, дарынды балалар мектеп-интернатының түлектері, қазір олар Қарағанды өңірінің жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері болып табылады. 2018 жылы Эльвира мен Андрей спорт шеберлері атанды, ал жаңа жылдың басын жастар арасындағы Азия чемпионатын тамаша нәтижелермен бастады. Осындай болашағынан үміт күттіретін влошабандоздарды Сергей Александрович Ульбрихт жаттықтырады. Роман Василенковты, Эльвира Хамзинаны және Андрей Крейсті марапаттарымен құттықтаймыз!

 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика