Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 20 Ақпан (11:49)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағанды облысында 2019 жылы екі ДШСК салынатын болды. Тағы бірнеше спорт нысанының жобасы жасалу үстінде.

Қазіргі кезде өңірде 19 дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істеп тұрған болса, оның ішінде жетеуі ауылдық жерлерде. Спорт залдарына деген қосымша тұтыным әрқашан болатыны сөзсіз.

-  Бүгінгі күнге дейін Қарағанды өңірінде Жезқазған (бассейнімен), Шахтинск (бассейніиен), Теміртау қалаларында, Жаңаарқа ауданының Атасу селосында (бассейнімен) және Нұра ауданының Нұра селосында құрылысын салу үшін бес ДШСК-нің жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалу сатысында, - деп атап өтті Дмитрий Карпов. – Сол сияқты Қарағанды қаласында Күрес орталығы мен 50 метрлік бассейннің құрылысын салу жоспарланып отыр.

Басқарма Мәдениет және спорт министрлігіне Жол картасына енгізу үшін ДШСК-нің бес жобасын ұсынды. Олар аталып өткен Күрес орталығы, Шахтинск, Жезқазған, Теміртау және Саран қалаларындағы нысандар. Қазіргі кезде Абай және Қарқаралы қалаларында 2019 жылы іске қосылатын ДШСК-нің құрылысы жүргізілуде. Бұған қоса жеке меншік инвестиция тартудың арқасында аумағы 160 шаршы метрден 240 шаршы метрге дейін шағын кешендер пайда болмақ. Биылғы жылы инвесторлардың кёкушинкай каратемен айналысу үшін осындай үш нысанды іске қосу жоспарында бар. Кәсіпкерлер Қарағанды мен Шахтинск қалаларында барлығы 11 залдың құрылысын салуды көздеуде. Ғимараттар модульді болмақ, оларды салып шығу үшін небәрі екі-үш ай ғана уақыт керек.

-  Жаңа кешендер, залдар мен алаңшалар балалар мен ересектердің спортпен айналысуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жағдай туғызары сөзсіз. Бұл біздің басты мақсатымыз – Президентіміз белгілеп берген салауатты өмір салтына, сау ұрпақ, сау ұлтқа жету жолындағы тағы бір қадам болмақ, - деп атап өтті Дмитрий Карпов.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика