Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 20 Ақпан (11:34)
Официально

Язык: Қазақша

Тәуелсіздік күні қарсаңында Шет ауданындағы С.Сейфуллин атындағы селода жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ДШСК) пайдалануға берілді

Бұл кешен облыстық бюджет қаражаты есебінен салынды. Жобаның құны 315,5 миллион теңге тұрады. Екі қабатты етіп салынған ғимаратта үлкен әмбебап спорт залы, жаттығу залы, күрес залы, 160 орындық трибуна, стол ойындарына арналған класс орналастырылған. Оның сыртқы аумағында үш спорт алаңшасы және жасанды жабындысы бар теннис корты орналастырылған. ДШСК-де спорттың бірнеше түрінен, оның ішінде волейбол, баскетбол, қазақ күресі, дзюдо, бокс, шағын футбол, стол теннисі және тоғызқұмалақ бойынша жұмыстар жүргізіледі. Негізгі сабақ үрдісінен босаған уақытта кешен спортпен айналысуға келген ауыл тұрғындарының құзырында болады.

Нысанның салтанатты ашылуына көп адам жиналды. Оған Шет ауданының, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылары, депутаттар, қоғам қайраткерлері мен белгілі спортшылар қатысты.

- ДШСК өз есігін еліміздің басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында айқара ашуы аса қуанышты оқиға болып отыр, - деп атап өтті Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов. – Мен сіздерді осы оқиғамен, заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Енді бұл қолайлы жерде жасына қарамастан барлық адам қалаған спорт түрімен айналыса алады. Осындай қажетті нысанды ауыл тұрғындарына сыйға тартқан облыстың, Шет ауданының басшылығына, мердігерлерге деген алғысымыз шексіз. Осындай кешеннің пайда болуы балалар мен ересектердің спортпен айналысып, салауатты өмір салтына ықпал ететіндігіне сенімдімін. Сонымен қоса таңның атысынан түн ортасына дейін бұл кешен спортпен айналсытандардың орнына айналатындығы сөзсіз. Мұның өзі біздің басты мақсатымыз – салауатты өмір салтына, дені сау балаға, сау ұрпаққа қол жеткізуге деген тағы бір қадамымыз болары сөзсіз.

Ауыл тұрғындары өздерінің атақты жерлестері, Шет ауданының тумасы, самбодан Әлем чемпионы Бейімбет Қанжановты қол шапалақтап қарсы алды. Белгілі спортшы ауыл тұрғындарын осындай ДШСК-нің ашылуымен құттықтай келіп, кешен басшысына өзінің кубоктарының бірін тарту етті.

- Біз үшін бұл кешеннің ашылуы тосын сый болды. Бізге осы жерде спортпен айналысу өте ұнайды. Қандай тамаша! – деп өзінің таңданысын жасырған жоқ Ноян атты жас волейболшы. – Бұрын біз мектепте айналысатынбыз. Енді осында келетін болдық. Бұлардың арасы жер мен көктей. Спортпен белсенді шұғылданып, жарыстарға қатысатын боламыз... – Жымиып күліп алды да: - Біздің сыныптағы балалардың барлығы да спортпен айналысады. Қазір спортшы болу сәнге айналды ғой, – деп аяқтады сөзін.

- Енді біздің өз кешеніміз болғандықтан, аудандық және облыстық деңгейдегі спорттық жарыстар да өткізе аламыз. Осындай ДШСК-нің біздің ауылда пайда болғанына дән ризамыз. Өте тамаша! Болашақ жоспарларымыз да аз емес, - дейді жаңа спорт кешенінің директоры Қанат Сағындық. - Кешенде күндіз балалар спортпен айналысатын болса, кешке қарай ересектер жиналмақ.

Иә, тамаша кешен екендігі сөзсіз. Осындай кешендер енді халық көп шығарланған басқа да ауылдарда салынса ғой деген ойда болдық.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика