Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 23 Шілде (11:01)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағанды облысында енгізіліп жатқан «Дене шынықтыру мен спорттың мониторингі» ақпараттық жүйесі сыбайлас жемқорлық қатерін болдырмайды.

Дене шынықтыру мен спортты дамыту мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі тетіктерінің бірі болып табылады. Бәсекеге қабілеттілігі мықты және дені сау қоғам құру оны тиімді жүзеге асыруға тығыз байланысты. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күрес, Елбасының тапсырмасы бойынша, қазақстандықтардың өмірінің барлық саласын қамтуға тиіс. Бұл бұқаралық спортты, жоғары жетістіктер спортын дамыту және инфрақұрылымдарды жетілдіру арқылы тұрғындарға дене шынықтыру-спорт тәрбиесін берудің жалпыұлттық жүйесінің қалыптасуына жауап беретін мемлекеттік органдардың табысты және өнімді жұмыс істеуі үшін негіз қалаушы болатын сөзсіз.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы 2015 жылдың тамыз айында шаралар жоспарын бекітті. Оны орындау жөніндегі мәлімет облыс әкімінің аппаратына және мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жолданып отырады. Басқарма қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мәселесі бойынша қызметтестік туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ашық келісімге қол қойған, оған ведомстваның барлық мемлекеттік қызметшілері қосылды.

Басқармада қызметкерлермен жыл сайын жедел кеңестер өткізіледі, ондағы басты мәселенің бірі сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы мен қылмыстарды болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданыстағы заңнамаларды оқып-үрену болып табылады.

Мәселен, 2018 жылы наурыз айында семинар өткізіліп:

  1. «Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін жауаптылық» тақырыбында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Олжас Бұрханов баяндама жасады;
  2. «Мемлекеттік сатып алулар туралы іс бойынша сотқа талап арыз берудің мерзімін сақтау – сыбайлас жемқорлық қатерін болдырмау жолдарының бірі» деген тақырыпта Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыру және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы – заңгер Алданыш Баграмова баяндап берді.

2018 жылдың екінші тоқсанында «Мемлекеттік қызметшінің этикасы» семинар-кеңесі өткізіліп, онда Этика жөніндегі өкілетті Сандуғаш Асылбекова спикер болды.

Басқарманың ресми сайтында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» деген тарау бар, онда «Сыбайлас жемқорлық құқығын бұзғандар, сол сияқты теріс әрекеттері үшін мемлекеттік қызметтен шығарылғандар туралы" тұрықты айдары жұмыс істейді. Сол сияқты сенім телефоны, Сыбайлас жемқорлықпен байланыс номерлері сияқты барлық ақпараттық анықтамалар жария етілген, солар бойынша сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарласуға болады. Тарауда сыбайлас жемқорлық тақырыбына әлеуметтік бейнетаспа орналастырылған. Бұған қоса Басқарманың ресми сайтында «Басқарма басшысының блогы» жұмыс істейді, онда азаматтар дене шынықтыру мен спорт саласындағы жұмыстарды жақсарту жөнінде мәселелер қойып, ұсыныстар айта алады.

Басқарманың алқа мәжілісінде талқыланып бекітілген сыбайлас жемқорлық стандарттары жасалды және қабылданды, олар бағыныстағы мекемелерге жеткізіліп, ресми сайтта жария етілді. Сыбайлас жемқорлық қатері туындауы мүмкін мәселелер қатаң бақылауға алынған. Олар бағыныстағы мекемелердің бірінші басшыларын тағайындау, Қарағанды облысының жетекші спортшыларына ай сайынғы ақшалай қолдау көрсету (стипендия) төлемдері, мемлекеттік сатып алулар өткізу, бюджеттік қаражатты жоспарлау және игеру, мемлекеттік қызмет көрсету сияқтылар.

Жеткізіп берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану қажет болған жағдайда бұл туралы Басқарма сотқа дер кезінде жүгінетіндігін атап өту қажет. Сол арқылы сыбайлас жемқорлық қатерін болдырмайды. Бағыныстағы мекемелер мен кәсіпорындарда да осындай жұмыстар жүргізіледі. Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы спорттық разрядтар мен санаттар тағайындау, жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу, спорт мектептері мен бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебесін беру, Олимпиадалық, Паралимпиадалаық және Сурдлимпиадалық ойындардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру, Әлия Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатына балалар қабылдау бойынша төрт мемлекеттік қызмет көрсетеді. Тұрақты жұмыс істейтін мониторингке сәйкес Басқарманың көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша 2018 жылы шағымдар мен бұзушылықтар болған жоқ.

2018 жылдың 7 ақпанынан бастап 7 наурызына дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасы мемлекеттік қызмет саласында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша ішінара тексеру өткізді. Оның нәтижесінде өрескел бұзушылықтар анықталған жоқ, дегенмен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін көтеру бөлімінде «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» тармақшасын сақтауға ұсыныс жасалды. Бұл ұсыныс қысқа мерзім ішінде орындалды.

Елбасының биылғы Жолдауындағы ұсыныстың бірі елді дамытудағы басты вектор цифрландыру, өмір саласына цифрлы технологияларды енгізу болып табылады, ол Қазақстанның жаңа әлемдегі жетекші елдердің қатарына қосылуы үшін аса қажет.  Сонымен бірге Президент өзінің жолдауында жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды күшейту қажеттігін, тиісті мониторинг жүргзіліп, мемлекеттік органдардың қызметін цифрлы форматқа көшіру жалғастырылуы қажеттігін атап өткен болатын.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын Қарағанды облысының спорт мекемелерінде жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдан бастап өңірдегі барлық спорт мектептері бойынша бірыңғай деректер базасын құруға мүмкіндік беретін «Дене шынықтыру мен спорттың мониторингі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізіледі. Бұл спортшылар мен жаттықтырушыларды қаржыландыруда мөлдірлік пен ашықтықты қамтамасыз етеді, өңірдегі спорт түрлері мен инфрақұрылымды дамыту туралы нақты және толық ақпарат береді де, бұл өз кезегінде жемқорлық тәуекелін болдырмайды. Жүйе кезең-кезеңмен енгізіліп, 2020 жылы толық жұмыс істеуді бастайды.

Бірінші кезеңде (2018 жыл) жүйе орнатылды және 28 спорт мекемесі бойынша ақпарат жинақталды. Екінші кезеңде (2019 жыл) қосымша міндеттерді енгізу жүзеге асырылып, жүйе тиражбен таратылады. Үшінші кезеңде (2020 жыл) жүйеге облыстың қалалары мен аудандары қосылатын болады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте Басқарманың жүргізіп жатқан әкімшілік шараларымен қоса бұл жұмыста спорттық бағыттар да бар екендігін атап өту қажет. Мәселен, мемлекеттік қызметшілер арасында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» ұранымен облыстық спартакиада жыл сайын өткізіліп келеді. Сонымен бірге өңірде өткізіліп жатқан барлық жарыстар жас жеткіншектердің тек дене күшін ғана емес, оған қоса орнықты азаматтық ұстанымы бар жеке адам етіп тәрбиелеуге де бағытталады.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика