Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 23 Шілде (11:19)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының, өңірдегі барлық спорт мектептерінің қызметкерлері тұңғыш рет латын әліпбиімен жалпыхалықтық диктант жазды.

Онлайн-диктант14 қараша күні Қазақстанның барлық қалаларында өтті. Ол сағат 11.00-де басталып, жарты сағатқа созылды. Оған 15 жастан асқандардың барлығына қатысуға ерік берілген.

Осы маңызды шараның алдында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма Қарағанды өңірінен диктантқа 120 мыңдай тұрғын қатысады деп болжаған еді. Олардың ішінде мемлекеттік қызметшілер де, ХҚКО-ның, банктердің, медициналық және құқық қорғау органдарының қызметкерлері де, студенттер және колледждер мен жоғары оқу оырндарының оқытушылары да, жоғары сынып оқушылары да, балалар бақшаларының тәрбиешілері де, кәсіпкерлер де, облыстың барлық басқармаларының, білім беру ұйымдарының, қалалық және аудандық әкімдіктердің, ішкі істер департаментінің, этномәдени бірлестіктердің өкілдері де, әскери қызметшілер де бар. Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері мен өңірдегі барлық спорт мектептерінен республикалық акцияға белсенділікпен қатысып, 500-ге жуық адам латын әліпбиімен жалпыхалықтық диктант жазып шықты.

-  Біздің қызметкерлер үшін бұл қиындық тудырған жоқ деп ойлаймын, - деп жауап берді Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыру және құқық бөлімінің басшысы Шолпан Такирова. – Басқарманың және барлық спорт мектептерінің қызметкерлері алдын ала дайындықтан өтті, олардың алға қойған міндетті ойдағыдай жүзеге асырғаны сөзсіз.

Диктант онша ұзақ болған жоқ. Оның басты тақырыбы – Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі мақсаты болып шықты. Диктант ҚР Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы Жарлығына және ҚР Премьер-министрі бекіткен «Қазақ әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі шаралар жоспарына» сәйкес өткізілді.

«Шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау. Жалпы республикалық науқан оны бұқараландыруға және латын графикасына негізделген жазуға іс жүзіндегі бейімділікке машықтануға бағытталған», - деп атап өтті жалпыхалықтық диктантқа бастамашы болған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде.

 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика