Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 23 Шілде (11:50)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында жеке меншік спорт нысандарының өкілдерімен кездесті

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 5 қазан күнгі халыққа Жолдауында 2019 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есе өсіп, 28 мың теңгеден 42 мың теңгеге жететіндегін көрсете келіп, жалақыны көтеруге ерекше маңыз берді. Елбасы сонымен қоса барлық спорт нысандарын әр түрлі санаттағы адамдарға, әсіресе балаларға қолжетімді ету міндетін қойды. Міне, осы екі өзекті мәселе Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карповтың жеке меншік спорт нысандарының өкілдерімен кездесуінде басты талқылау тақырыбына айналды. Мәжіліс ұсыныс сипатында өтті. Мемлекеттік мекеме басшысының пікірінше жалақыны көтеру бірінші кезекте жеке меншік спорт нысандарындағы қызмет көрсетуші техникалық қызметшілерге қатысты болуға тиіс. Өйткені қызметкерлердің осы санатының еңбекақысы қашан да төмен болып келеді. Қазіргі күнге дейін осы мәселе бойынша Қарағанды әкімдігімен және жек меншік спорт ұйымдарының арасында 14 меморандумға қол қойылғандығын атап өту қажет. Бұл жұмыс жалғасын таба береді, Дене шынықтыру және спорт басқармасы қараша айының соңына дейін тағы бірнеше кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Онда аталған нысандар мен кәсіпорындардың өкілдеріне түсіндірулер мен ұсыныстар жасалатын болады.

Спортпен айналысушыларға жеңілдіктер туралы айтатын болсақ, олар мемлекеттік мекемелерде тек оқушыларға, студенттерге, мүгедектер мен зейнеткерлерге ғана жасалады.

-  Жеке меншік құрылымдардың кәмелетке толмағандар мен азаматтардың басқа да санаттарына жеңілдік жасағаны дұрыс деп ойлаймын. Бұл тұрғындарды спортпен бұрынғыдан да кеңірек қамтуға жағдай жасар еді, - деп тілек білдірді Дмитрий Карпов кездесуге қатысушыларға.

Бұл ұсынысқа жауап ретінде «Bodystyle» фитнес орталығының өкілінен:

-  Күндізгі бөлімде оқитын барлық студенттерге өзінің студенттік билетін және жеке куәлігін көрсеткен жағдайда кез келген абонементке, кез келген залға кіруге 1000 теңге жеңілдік жасаймыз, - деген ұсыныс түсті. – Сонымен қоса спорттық атағы бар спортшыларға, спорт шеберлігінен үміткерлерге 10 пайыз, спорт шеберлеріне – 15 пайыз, халыықаралық дәрежедегі спортшеберіне – 20 пайыз жеңілдік жасалады. Отбасылық жұптарға және сол отбасыларының сол және бақа мүшелеріне абонемент сатып алған кезде 500 теңге бағасы төмендетіледі. Бұған қоса жарыстар алдында көптеген спортшылардың жаттығуы ұлғаяды, сондықтан да біз оларға қажет қосымша айналысу уақытын есепке алмайтын боламыз. Күнтізбелік абонементті ғана белгілеп, қосымша ақысыз залға қанша келемін десе, сонша келуіне рұқсат етеміз. Байқап көруге арналған жаттығу тегін өткізіледі.

Бұл бастама назарға ілінбей қалған жоқ, басқа жеке меншік спорттық нысандардың өкілдері де осындай жеңілдіктерді ойластырып көретіндіктерін айтты.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика