Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 12 Желтоқсан (04:29)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағанды облысының спорт федерациялары «Қазақстандағы 100 жаңа есім» республикалық жобасының екінші кезеңіне өздерінің үміткерлерін ұсынбақ.

«Ел Тәуелсіздігінің жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 25 жыл болды. Бұл – тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезең. Әрине, жасалған жұмыстардың маңызы мен ауқымына ешбір күмән жоқ. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарындағы табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, саналуан этнос өкілдерінің тарихы, - деп атап өтті Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты мақаласында. – Бұл жоба үш мәселені шешуге бағытталғаны жөн. Ақылымен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адамдарды қоғамға таныту, оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудің жаңа мультимедиялық алаңын қалыптастыру, «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасау. Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс», – делінген Президенттің мақаласында.

 «Қазақстандағы 100 жаңа есім» республикалық жобасы 2017 жылы бастау алып, оның жеңімпазының бірі қарағандылық, Nomad MMA стилінің негізін қалаушы Сергей Валентинович Ан болды.

-  Қазір біз жобаның екінші кезеңін жүзеге асыруға кірістік, - деді Қарағанды облысы спорт федерацияларының өкілдерімен кездесуде Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыру және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Шолпан Такирова. – Әрбір қоғамдық ұйым мен бірлестік бірегей жеке өмірбаяны бар, кәсіби жетістікке ие үміткерлерін ұсына алады. Сол сияқты өзін-өзі ұсынуына да мүмкіндік бар.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі үміткерлерді іріктеудегі басты шарттарды атап өтті. Олар – өзінің қызметі саласында айқын жетістіктерге ие болу, еліміздің оң бет-бейнесін алға апаруға ықпал ету; жастарды адамгершілікке тәрбиелеуге, туған жеріне деген патриоттық және берілгендік сезімінде тәрбиелеуге ықпал ететін, үлгі тұтарлық қоғамдық-саяси және еңбек қызметі болуы; әр саладағы жетістіктері мен табыстары заманауи Қазақстанды көзге елестететін тұлға болуы; қазіргі кездегі Қазақстанның дамуында нақты үлесі бар жандар болуы қажет.

-  Біз сіздердің ұсыныстарыңызды күтеміз. Өткен жылы Қарағанды облысынан 194 адамға ұсыныс түскен болатын. Оның ішінде «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына біздің өңірден жеті адам ілікті, - деп атап өтті Шолпан Райқанқызы. – Биылғы жылы да біздің облысымыздан ұсынылған үміткерлердің лайықты болатындығына сенеміз.

Федерация басшылары өз кезегінде «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңіне өздерінің үміткерлерін міндетті түрде ұсынатындықтарын айтты, өйткені өздері айналысып және дамытып жүрген спорт саласында мұндай құрметке лайық жарқын тұлғалар табылатындығы сөзсіз.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика