Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 21 Қазан (09:43)
Официально

Язык: Қазақша

Сәтбаев қаласындағы «Жастар» Спорт сарайында күрделі жөндеуден соң ашық есіктер күні өткізілді

Жөндеу жұмыстары 25 қыркүйек күні біткен болатын, үш күннен соң ата-аналар мен балалар қандай секциялардың жұмыс істейтіндігін білуге және өздері ұнатқан спорт түрін таңдауға жаңарған спорт сарайына келді. Ашық есіктер күні «Спортты сүю – бір ерлік, спортшы болу – мың ерлік» ұранымен өткізілді.

Шараға Сәтбаев қаласындағы әр түрлі мектептердің 8 – 10 жастардағы 200-ге жуық оқушысы қатысты. Балалар спорттың әр түрінен шеберлік сыныбын тамашалады, бұл олардың қандай секцияны түбегейлі таңдауына көмегін тигізді. «Сәтбаев қаласындағы мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ-нің «Жастар» сарайын күрделі жөндеуден өткізуге бюджеттен 16 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген болатын. Жұмысты «Zhilkeldi byilding» ЖШС тамаша атқарып шықты.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика