Жүгіру жолы жасалды
Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлы кентінде спортты жанына серік еткендер көптеп саналады. Олар жуырда тағы бір қуанышқа кенелді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жанында төрт жолақты жүгіру жолы пайдалануға берілді.
Жүгіру жолын жасап берген «КАРАТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне ауыл тұрғындарының алғыстары шексіз.
«Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры Қанат Сағындық:
- Қазір біздің мектептің 435 оқушысы жаттығу сабақтарын осы жүгіру жолында жүзеге асыруда. Аудандағы жеңіл атлетика жарыстары да осы жерде өтетін болады. Бұл жүгіру жолдарының құны бюджет қаражатынан бөлінген 25,5 миллион теңгеге түсті. Енді осы жолдарда жаттыққан спортшыларымыздың жетістіктері де жоғары болатындығына сенімдіміз