Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 12 Желтоқсан (04:46)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағанды облысының әкімі Азия ойындарына қатысушылармен кездесті

Еске сала кетер болсақ, Қазақстанның құрама командасына Қарағанды облысынан спорттың 10 түрі бойынша 34 спортшы кірген болатын. Биылғы Азия ойындары Азиаданың тарихында ең ірісі болған еді, оған 46 елден 12 000-нан астам спортшы қатысты, 40 пән бойынша 476 медаль ойналды.

Біздің дзюдошыларымыз – Ислам Бозбаев, Жансай Смағұлов, Санжар Жаборов үш күміс медаль жеңіп алды. Қарағандылық спортшылар бұған қоса – әйелдер күресінен Эльмира Сыздықова, грек-рим күресінен Ерулан Ысқақов, джу-джитсудан Нұржан Сейдуали, самбодан Бәйімбет Қанжанов, синхронды жүзуден апалы-сіңілілі Екатерина мен Александра Немич және жеңіл атлетикадан Римма Кашафутдинова жеті қола медальға қол жеткізді.

- Сіздер Азия ойындарында лайықты өнер көрсеттіңіздер. Біз мұнда жанкүйер болдық. Әрбір көріністі тамашаладық, медальдарға қуандық. Сіздерге барлық қарағандылық жанкүйерлер атынан алғысымды білдіремін және зор рахмет айтамын, - деп атап өтті облыс әкімі Ерлан Қошанов. – Азиадаға қатысудың өзі сіздердің жеке жеңістеріңіз, ал жеңіп алған медальдар біздің ортақ жеңісіміз, еліміздің және біздің облыстың жетістігі. Қазақстанның көк байрағы осындай дүбірлі жарыстарда жиі-жиі көтеріле берсін! Біз сіздерге сенеміз және жаңа жеңістер күтеміз.

Салыстыру үшін: 2010 жылғы Азия ойындарына Қарағанды облысынан спорттың барлық түрлері бойынша 20 спортшы қатысты. 2014 жылы спорттың тоғыз түрі бойынша 23 жерлесіміз Азиадаға делегат болды. 2018 жылы он түрі бойынша 34 қарағандылық өнер көрсетті. Облысымыздан Азиадаға қатысушылардың саны мен олардың өнер көрсететін спорт түрлерінің өскені байқалады...

Кездесудегі жағымды оқиға өңірімізден Азия ойындарына қатысқандарға облыс әкімінің бірінші орын үшін – 1 500 000 теңге, екінші орын үшін 1 000 000 теңге, үшінші орын үшін – 750 000 теңге сыйлықтарының табысталуы болды.

Бұған қоса Бағлан Ибрагимге тағы бір тамаша сыйлық тарту етілді, ол өзі тұратын Жезқазған қаласындағы бір бөлмелі пәтердің кілтіне  ие болды.

- Пәтер жезқазғандық және қарағандылық қолдаушылардың сыйлығы. Бұл мұндайға немқұрайды қарай алмайтын жерлестеріміздің алғысы. Мен тек осы пәтердің кілтін тапсырып тұрмын, - деп нақтылады Ерлан Қошанов.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика