Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 16 Қараша (03:01)
Официально

Язык: Қазақша

Дмитрий Карпов: «Қарағандылық спортшылар Азия ойындарында лайықты өнер көрсетті»

Бүгін Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында Азиада-2018 ойындарында тамаша өнер көрсетіп, үйлеріне соңғы оралған қарағандылық спортшыларға құрмет көрсетті.

- Біз Азия ойындарының жеңімпаздарын, самбошы Бағлан Ибрагимді шын жүректен құттықтаймыз! Оның алған алтын медалі үшін көп рахмет! Сол сияқты Азиаданың күміс жүлде иегерлері, дзюдошылар Ислам Бозбаев пен Жансай Смағұловқа және Санжар Жаббаровқа, қола медальға қол жеткізген Бейімбет Қанжановқа алғысымыз шексіз, - деді баспасөз мәслихатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов.

Атап өтейік, Бағлан Ибрагим Азия ойындарының алғашқы жекпе-жегінің өзінде жарақат алған еді. Монғолия өкілі біздің спортшының мұрынын сындырған болатын. Соған қарамастан ерік-жігерінің арқасында жезқазғандық 23 жастағы жігіт тағы да үш жекпе-жек өткізіп, жеңімпаз атанды.

- Мен аса зор қолдауды және жерлестерімнің алдындағы жауапкершілікті сезіндім. Жеңіліп жатқаныма қарамастан, барлық күш-қуатымды жинап, қарсыласымның қолынан жеңісті жұлып алдым, - дейді Бағлан Ибрагим. – Ендігі менің мақсатым – қараша айында Румынияда өтетін Әлем чемпионатында алтын медальға ие болу.

- Қарағандылықтар Азия ойындарында 11 медаль жеңіп алып, лайықты өнер көрсетті, - деп атап өтті Дмитрий Карпов. – Азиада да жеңіске жеткен және жүлдегер болғандарға және олардың жаттықтырушыларына ойынның аяғына дейін табандылық танытқандары үшін алғыс айтамын. Алдымызда тағы да маңызды старттар тұр, оларда да қарағандылық спортшылар міндетті түрде жоғары деңгейден көрініп, Қазақстанның және өзінің туған өңірінің атын аспандатады деп ойлаймын.

Азия ойындарында жеңімпаз және жүлдегер болған қарағандылық спортшылардың аттарын атап өтейік:

  1. Ибрагим Бағлан – 1 орын, самбо (52 кг)
  2. Бозбаев Ислам – 2 орын, дзюдо (90 кг)
  3. Смағұлов Жансай – 2 орын, дзюдо (73 кг)
  4. Жаборов Санжар – 2 орын, дзюдо (+100 кг)
  5. Сыздықова Эльмира – 3 орын, әйелдер күресі (76 кг)
  6. Искаков Ерулан – 3 орын, грек-рим күресі (97 кг)
  7. Сайдуали Нұржан – 3 орын, джиу-джитсу (56 кг)
  8. Қанжанов Бейімбет – 3 орын, самбо (52 кг)
  9. Немич Александра – 3 орын, синхронды жүзу (дуэт)

10. Немич Екатерина – 3 орын, синхронды жүзу (дуэт)

11. Кашафутдинова Римма – 3 орын, жеңіл атлетика, эстафета 4х100 метр


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика