Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 16 Қараша (01:38)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағандылық палуан Ерулан Ысқақов Азия ойындарында қола медальға ие болды.

Биылғы жылдың маусым айында бұл спортшы ұзақ уақыт еріксіз үзілістен соң кілемге қайта оралып, Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алған еді. Грек-рим күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері 2014 жылғы Азия чемпионы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада алдында қатты жарақат алған соң емделді, бұрынғы қуатын ұзақ уақыт бірте-бірте қайтадан қалпына келтірді. Қазақстан чемпионатында Ерулан Ысқақов 97 кило салмақ санатында өткізген үш белдесудің үшеуінде де анық басымдықпен жеңіске жетті. «Енді мен өзімді Азия ойындарына және Токиода өтетін келесі Олимпиадаға дайын екендігімді сезіп тұрмын» деп сенімділікпен мәлімдеген болатын.

Индонезиядағы Азия ойындарында Ерулан Ысқақов 97 кило салмақ санатында қола медаль жеңіп алды. Ол әуелі кәріс Хё Чул Чодан ірі есеппен (1:6) жеңіліске ұшыраған еді, бірақ жағдайдың бақытына орайласуына байланысты кілемге қайта оралып, белдесу кезінде алған жарақатына қарамастан, шағын финалда ирандық Али Хейдариды 10:0 есебімен тас-талқан етті.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика