Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 22 Қыркүйек (01:35)
Официально

Язык: Қазақша

Эльмира Сыздықова Азиаданың қола жүлдегері болды.

Қазақстан Индонезиядағы ХҮІІІ жазғы Азия ойындарында (10 тамыз – қыркүйек, Джакарта және Палембанг) кезекті медальға қол жеткізді. Қарағандылық палуан қыз Эльмира Сыздықова 76 кило салмақ санатындағы шағын финалда Оңтүстік Кореядан келген Юн Чжун Хванды 5:2 есебімен тізе бүктірді. Осы нәтижеге – үшінші орынға – біздің жерлесіміз 2016 жылы Рио-де Жанейродағы Олимпиадада қол жеткізген еді. Онда 69 кило салмаққа дейінгі санатта күрескен болатын.

Анықтама:

Эльмира Сыздықова 1992 жылы 5 ақпанда Қарағанды қаласында туған. Жетістігі: кадеттер арасында Азия чемпионы (2008 жыл), кадеттер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2009 жыл), жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері (2011 жыл), жасөспірімдер арасында Азия чемпионы (2012 жыл), «Голден Гран-при»дің күміс (2013 жыл) және қола (2016 жыл), Азия чемпионатының екі мәрте қола (2014, 2018 жылдар) және екі мәрте күміс (2015, 2016 жылдар), Олимпиаданың қола (2016 жыл), жабық бөлмедегі Азия ойындарының күміс (2017 жыл) жүлдегері. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика