Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 15 Қазан (19:03)
Официально

Язык: Қазақша

«Сарыарқа 2018» облыстық жазғы Ауыл спартакиадасы нағыз спорт мерекесіне айналды.

Біріншілік шілденің 18-нен 21-не дейінгі аралықта Нұра кентінде Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналып өткізілді.

Спартакиадада мыңнан астам қатысушы волейбол, шағын футбол, қазақ күресі, Президенттік жазғы көпсайыс, армрестлинг, кір көтеру спорты, тоғызқұмалақ, стол теннисі, шахмат, дойбы, асық ату, аламан бәйгі, топ бәйгі, тай жарыс, құнан жарыс, теңге ілу, көкпар, аударыспақ сияқты спорттың 18 түрінен бәсекеге түсті.

Жарыстың ашылу рәсімі 19 шілде күні «Нұра» стадионында өтті. Бұл тек ресми шаралар ғана емес, ересектер, жасөспірімдер, кішкене балақайлар мен жергілікті таланттар қатысқан театрландырылған тамаша бір көрініс болып өтті. Нұра кентінің жүздеген тұрғындары осы бір тамаша шоуды көруге келіп, рахат сезімге оранып қайтты. Мұндай жылы қабылдаудың оң сезіміне жарысқа қатусышылар да бөленді:

- Біз Осакаров ауданынан үлкен команда болып келдік. Бұған қоса жанкүйерлеріміз де бар. Жарысқа қатысамыз, барлық спорт түрінен жеңіске жетеміз деп ойлаймын. Мен  осымен екінші рет осындай үлкен жарысқа өз ыждаһатыммен келіп отырмын. Жарысты осылай өте тамаша ұйымдастырғандарға үлкен рахмет. Соның ішінде нағыз мереке етіп ұйымдастырған Нұра ауданының тұрғындарына деген ризалығымыз ерекше, - дейді өз ауданының спортшыларын Президенттік көпсайысқа бастап келген №1 орта мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Ольга Саак.

Ашылу салтанаты кезінде Нұра ауданының әкімі Ниқанбай Омарханов пен Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дмитрий Карпов құттықтау сөздер арнады.

- Мұндай жарыстар біз үшін өте маңызды және бізге өте қажет. Қараңыздаршы спартакиаданың ашылуына балалар қандай ынтамен қатысып жатыр, көрермендер арасында да қаншама жеткіншектер мен жастар бар. Олардың кейбіріне осы жарыстың оң ықпал етіп, спортпен айналысуға бел буатындары аз болмайтындығына сенімім мол, - деп атап өтті Дмитрий Карпов.

Спартакаданың қорытындысында жалпыкомандалық есепте Абай ауданының өкілдері бірінші орынға шықты, біріншілік өткізіп отырған Нұра ауданының командасы екінші орынға ие болса, Жаңаарқа ауданының командасы үшінші орынды місе тұтты. 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика