Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 15 Қазан (18:52)
Официально

Язык: Қазақша

Американдықтармен үш командалық кездесудің екеуінде қарағандылық палуандар жеңіске жетті.

Әлия Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатта 13-15 шілде күндері Америка Құрама Штаттары студенттері құрамасының және Қарағанды облысы жастары командасының арсында еркін күрестен командалық кездесу болып өтті.

АҚШ-тың барлық спортшылары Универсиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Делегация басшысының өзі Джон Петерсон Олимпиада Ойындарының (Мюнхен, 1972 ж.) күміс жүлдегері, Монреалда өткен Олимпиадалық Ойындардың (1976 ж.) чемпионы. Қонақтар командасының бас жаттықтырушысы – Стив Барред Әлем чемпионатының жүлдегері, АҚШ біріншілігінің бірнеше мәрте жеңімпазы.

Қарағанды облысының атынан түскен спортшылар Қазақстан Республикасы Чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Жарыстың салтанатты ашылуы 13 шілде күні болып өтті. Жарысқа қатысушыларды Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Рустам Қожабеков, «Қарағанды облысы грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Нұрғазы Жарылғапов және жарыстың бас төрешісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық экстра-класс санатындағы төреші Александр Мыцык құттықтады.

Соңғы командалық кездесуде және турнирдің жабылуы кезінде жарысқа қатысушылармен облыстық ДШжСБ басшысының міндетін атқарушы Дмитрий Карпов жылы әңгіме өткізді.

- Қарағандыда өте тамаша күрес мектебі бар, - деп атап өтті сұхбат берген кезде Стив Барред. – Сіздердің қалаларыңызға келгенімізге өте қуаныштымыз. Біздің спортшыларымыз осындай жарыстарға қатысу арқылы баға жетпес тәжірибе жинақтап қайтады. Спортшыларымыз үшін бұл тамаша саяхат болып, қонақжай Қазақстанға келуіне мүмкіндік туды.

- Бізге өте ұнады. Алматыда, Қарағандыда болдық және Астананы экскурсияда жасап араладық, - деп атап өтті Дакота штатынан келген, АҚШ студенттері арасындағы Чемпионаттың жеңімпазы және жүлдегері  Сет Гросс . – Керемет! Өте жылы қабылдау, жарыс тамаша ұйымдастырылды. Қарағандылық еркін күрес мектебінің өкілдерімен белдесу сәті түскені үшін қуаныштымын, олар өте мықты палуандар екендіктерін көрсетті.

- Мен бұл жарыстарға қанағат сезіммен қатыстым, - дейді сөз кезегі келгенде Қазақстан Республикасының спорт шебері, 2016 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы, 2017 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Дархан Қалкенов. – Американдықтардың күрес мәнері бізден өзгешелеу екен, дегенмен де олармен белдесу қызықты болды, жақсы тәжірибе жинақтадық. Онымен қоса біздің қонақтарымыз өте икемді жігіттер болып шықты, олармен әңгімелесудің өзі қызықты болды.

Үш командалық кезедсудің тек біреуінде ғана жеңіске жеткеніне қарамастан, американдықтар үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен, біздің ел туралы тамаша әсермен аттанды.

«Бәрі де ойдағыдай болды! Көп рахмет!» - деді Стив Барред аттанар алдында. Бұл барлық команданың атынан айтылған сөз болатын.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика