Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 22 Қыркүйек (23:16)
Официально

Язык: Қазақша

«Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы Ержан Шынкевті Қарағандыда құттықтады.

Еске сала кетейік, қазақ күресі жөніндегі республикалық біріншіліктің финалында аса мықты 35 палуан келген еді, соңғы сәтте оларға екі «Әскер Барысы» қосылды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін өткен «Қазақстан Барысы» турнирі Астана қаласында 1 шілде күні «Барыс-Арена» сарайында өткен болатын. Осы дүбірлі жарыста Қарағанды облысының өкілі Ержан Шынкеев тұңғыш рет жеңімпаз атанды.

- Осында шыңды бағындырғаным үшін аса қуаныштымын, - деп атап өтті ол Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында 3 шілде күні өткен баспасөз мәслихатында. – Мен «Қазақстан Барысына» бірнеше жыл бойы қатыстым, бірақ жеңіске жетер кезде сүрініп жүрдім. Дегенмен де сол жеңілістердің өзі мені биік шыңға қарай ынталандыра түсті, жігерімді жанып, беріспеуге шақырды, жаттығуды жалғастыра беруге итермеледі. Соның арқасында менің ұмтылысым мен ынтам ақыры жеңіске жеткізді.

- Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дмитрий Карпов аса ауқымды табысымен Ержан Шынкеевті және оның жаттықтырушысы Диқанбай Биткөзовты қуана құттықтады. Оған жеңімпаз Кубогы мен Алғыс хат табыс етті.

Атап өту керек, «Қазақстан Барысы» чемпиондық атағы үшін Ержан Шынкеев пен Ерасыл Қажыбаев белдесті. Ерасыл болса, бұдан бұрын «Әскер Барасы» атағын жеңіп алған, салмағы 151 килограмм, турнирдегі ең ауыр палуан болатын. Ал, Шынкеевтің салмағы 125 килограмм еді. Жнрлесіміз еріксіз, күшке емес, айлаға басты. Ақыры оны ұпай санымен жеңіп шықты. Сөйтіп, 25 миллион теңгеге ие болды!

- Сізге бұдан бұрын Қажыбаевтан да ауыр салмақты қарсыласпен белдесіп көрдіңіз бе? – деген сұрақ қойылды баспасөз мәслихаты кезінде.

- Тек дзюдо күресінде ғана. Онда маған 180 кило слмақтағы полякпен күресуге тура келген. Дегенмен белдесіп кеткен кезде ондай салмақ айырмасын байқамай қаласың.

Ержан Шынкеев қазір 33 жаста, күреспен 14 жасынан бері айналысып келеді. «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы болу оның баста арманы еді. Енді оның алдында тағы бір биік арман бар. Ол – 2020 жылы өтетін Олимпиадалық ойындарға қатысу.

Ержан дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия мен Қазақстан чемпионаттарының, Азия ойындарының әлденше рет жеңімпазы және жүлдегері. Ол Лондонда өткен төртжылдықтың басты ойынында Қазақстан атынан басты біріншілікке қатысып қайтқан.

Ержан Шынкеевке алдағы белдесулерде де жеңіске жетіп, Олимпиада шыңын бағындыра беруге табыс тілейміз. 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика