Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 16 Қараша (03:14)
Официально

Язык: Қазақша

«Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің финалына Қарағанды облысының екі мықты палуаны қатысатын болды.

Қазақ күресінен іріктеу біріншілігі Қазақстанның 16 өңірінде өтті. Әрбір облыстан финалға екі палуаннан қатыспақ. Қарағанды өңірінің намысын Ерсін Мұқаметжанов пен Ержан Шынкеев қорғайды.

Турнирдің қазіргі жеңімпазы Еламан Ерғалиев финалға іріктеу жарысынсыз-ақ өткенін айта кету керек. Биылғы жылы қорытынды біріншілікке әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен ҚР чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері де жолдама алғандығы белгілі. Шешуші кезеңде еліміздің 35 мықты палуаны күш сынасатын болады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» турнирі 1 шілде күні Астана қаласындағы «Барыс-Арена» сарайында өтеді. Көрермендер арасында автокөлік ойнатылады.

 

Анықтама

*Мұхаметжанов Ерсін, ҚР қазақ күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қарқаралы ауданының Бүркітті ауылында 1988 жылы 20 мамырда туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Дене шынықтыру және спорт» факультетін бітірген. Күреспен сегіз жасынан бері айналысып келеді. Салмақ санаты +100 кг.

 

Спорттық нәтижелері:

2010 жыл – екі Халықаралық турнирдің (Жетісай қ. және Шымкент қ.), ҚР Кубогының жеңімпазы;

2013 жыл – Қазақстан Чемпионатының жеңімпазы, Халықаралық турнирдің күміс жүлдегері, «Ақ бидай» Селолық ойындарының күміс жүлдегері, Әлем Чемпионы (Минск қ.);

2015 жыл – Қазақстан Кубогының күміс жүлдегері;

2016 жыл – ҚР Чемпионатының қола жүлдегері;

2018 жыл – ҚР Кубогының қола жүлдегері;

Диқанбай Биткөзов пен Мақсат Ахметбековтың қол астында жаттығуда. Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілі.

*Шынкеев Ержан, дзюдодан ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қазақ күресінен ҚР спорт шебері, Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы. Қарағанды қаласында 1985 жылы 4 наурызда туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Дене шынықтыру және спорт» факультетін бітірген. Дзюдомен 14 жасынан бері айналысып келеді. Салмақ санаты +100 кг.

Спорттық нәтижелері:

2008 жыл – «Супер Кубок» Халықаралық турнирінің жеңімпазы;

2009 жыл – шығыс жекпе-жегі бойынша І Азия ойындарының жеңімпазы;

2011 жыл – Азия Чемпионатының қола жүлдегері;

2012 жыл – Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, «Қазақстан Барысы» турнирінің қатысушысы (4 орын);

2013 жыл – Азия Чемпионатының қола жүлдегері, «Қазақстан Барысы» турнирінің күміс жүлдегері;

2014 жыл – жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері;

2015 жыл – Азия Чемпионатының қола жүлдегері, ҚР ІҮ жазғы Спартакиадасының жеңімпазы, Әлем Чемпионатының қатысушысы;

2016 жыл – Азия Чемпионатының қола жүлдегері, ҚР Чемпионы;

2017 жыл – қазақ күресінен ҚР Чемпионатының күміс жүлдегері.

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Талғат Сайранұлы Байшолақовтың қол астында жаттығуда. Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілі.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика