Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 24 Маусым (20:28)
Официально

Язык: Қазақша

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 31 мамыр күні Қарағандыдан спорттық керуен аттанды

Өткен жылдың соңында өңір басшысы Ерлан Қошановпен кездесуде төртжылдықтың басты ойынының жүлдегерлерімен және оған қатысушылармен кездесуде Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қарағандылық олимпиадашылар» кітабы мен фильмінің тұсаукесері өткізілген болатын. Туған өлкесінің тарихын жасаушы дамдарға деген мүдде мен құрметті қайта жаңғырта отырып, салауатты өмір салтын насихаттайтын, Олимпиада шыңына қол жеткізген спортшыларды бұқараға таныстыратын бұл патриоттық жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Өйткені, чемпиондардың үлгісі барлық әлемдегі миллиондаған балаларды спортпен айналысуға жігерлендіреді. Бұл кітап пен фильм қазір облыстың барлық спорт мектептерінде бар. Олар өсіп келе жатқан жас ұрпақ өкілдері арасында үлкен қызығушылық туғызуда.

«Қарағандылық олимпиадашылар» жобасының әр түрлі жастағы тұрғындар арасында тиімділігі мен қызығушылығының артып отырғандығын ескере келіп, ұрпақтар сабақтастығы, нақты мысалдар арқылы Тәуелсіз Қазақстанның спортын одан әрі дамыту тақырыбын жалғастыру қажет деген шешімге қабылданды. Сөйтіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстың белгілі спортшыларының қатысуымен «Туған жер» спорттық керуенін ұйымдстыру жаңа идеясы туындады. Оның басты міндеттері – салауатты өмір салтын нсихаттау, дене шынықтырумен және спортпен аййналыыстыру, жас жеткіншектің бойында патриоттық сезімін, өзінің даңқты жерлестеріне деген мақтаныш сезімді нығайту, туған өлкесінің тарихын құрмет тұту, жетіле беруге деген ұмтылысты ынталандыру болып табылады.

«Спорттық керуен» Қарағанды облысының белгілі спортшыларын қатыстыра отырып балалармен және жас жеткіншектермен шеберлік сыныптарын ұйымдастыруды, облыстың қалалары мен аудандарында жарыстар, әңгімелер мен лекциялар өткізуді қамтиды. Керуеннің бағдарламасында: спорттың ойын түрінің фестивалі, шағын футболдан, баскетболдан, волейболдан, стритболдан, тоғызқұмалақтан, қазақ күресінен, асық атудан және ат спорты түрлерінен жарыстар өткізу көзделген.

31 мамыр күні жолға шыққан керуен аудан орталығы Осакаровка кенті мен Пионер селосына алғашқы аялдамасын жасады. Мұндағы ауылдық округте қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР Чемпионатының қола жүлдегері, 2017 жылғы Әлем Кубогының жеңімпазы Бекзат Ахметбеков, дзюдо мен самбодан ҚР спорт шебері, Әлем Кубогының қола жүлдегері, ҚР чемпионы Айдын Дартаев, дзюдодан халықаралық спорт шебері, ҚР Чемпионатының жүлдегері Ақжігіт Оралов, дзюдодан ҚР спорт шебері, Еуропа Кубогының қола жүлдегері Ажар Салықова, жеңіл атлетикадан ҚР спорт шебері, Қазақстанның чемпионы Александр Киселев және тағы бір жас жеңіл атлет, ҚР чемпионы Василий Копейко қонақта болды.

Спортшылар шараны саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған гүлзардағы монументке гүл шоқтарын қоюдан бастады. Одан соң Пионер селосындағы №3 орта мектепке аттанып, онда балалармен кездесуден соң жеңіл атлетикадан шеберлік сыныбын өткізді.

- Біздің балалар спортпен белсенді айналысады, - деп атап өтті №3 ОМ директоры Василий Борисович Савушкин. – Біздің мектепте президенттік көпсайыс, жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол және басқа спорт түрлері дәріптеледі. Спортпен жүзден астам адам айналысады, олардың арасында балалар үйінің бізде оқитын тәрбиеленушілері көптеп саналады. Белгілі спортшылармен мұндай кездесулер, шеберлік сыныптары өте қажет, маңызды және балалар үшін қызықты. Оларды мұндай кездесу ынталандырады, жақсы жақтарға қарай итермелейді.

Пионер селосында кездесуден соң спорттық керуен Осакаров кентіне аттанды. Қонақтар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде айналысатын жас спортшылармен кездесті, балалардың сұрақтарына жауап қайтарды, көптеген пайдалы кеңестер берді. Бұдан соң белгілі палуандар спорт мектебінде балаларға шеберлік сыныбын көрсеткен еді, олар мұндай жаттығуды ризашылық сезіммен қабылдады.

- Тамаша! Маған өте ұнады! – деді 15 жасар Таңшолпан Шакенова. – Мұндай белгілі спортшылардың келгеніне қуаныштымын. Біз үшін қолдау, ынталандыру. Мен екі жылдан бері дзюдомен айналысамын. Әзірше тек облыстық турнирлерге қатысып жүрмін, оларда екінші және үшінші орындар аламын. Еуропа Кубогының қола жүлдегері Ажар Салықова өткізген шеберлік сыныбы мен кездесуінен соң жаттығумен шындап айналысудың, жарыстарда бірінші орын алудың, бұдан да жоғар нәтижелерге қол жеткізудің қажеттігін түсіндім...

- Бұл өте жақсы, нәтижелі жоба, - деді бірауыздан Осакаров ауданында болған спорттық керуенге қатысушылар. – Біз балалармен әңгімеден үлкен ләззат алдық, мұндай шара оларға да ұнағаны сөзсіз.

Енді спорттық керуен Бұқаржырау, Нұра және Қарқаралы аудандарында да болмақ. Жобаны жүзеге асыру аясында Ботақара мен Нұра кенттерінде спорт алаңшаларын орнату да жоспарланып отыр.

 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика