Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 22 Тамыз (03:38)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына Дмитрий Васильевич Карпов басшы болып тағайындалды.

Кадрлық өзгеріс туралы актив мәжілісінде өңір басшысы Ерлан Қошанов мәлім етті. Облыс әкімі жаңадан тағайындалған басшыға алда тұрған міндеттер туралы айтып өтті.

- Спорттығы ең бірінші міндет ретінде легионерлердің аз, өзіміздің жергілікті жігіттердің көбірек болғандығын қалар едім. Оған біз қыруар ақша жоғалтамыз, осыны ойлаңыздар. Ол үшін бүгінгі күні балалар мен жасөспірімдердің спортын көтеруіміз қажет, - деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Дмитрий Карпов 36 жаста. Екі жоғары білімі бар: Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-ды «Дене тәрбиесінің оқытушысы, спорт жөніндегі жаттықтырушы», «Заңгер бакалавр» біліктілігі бойынша бітірген.

Жеңіл атлетикадан еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының жүлдегері. «Қарағанды облысының жеңіл атлетика федерациясы» ҚБ вице-президенті. Жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының ұлттық командасында (Астана) штаттағы спортшы-нұсқаушы, «Жеңіл атлетикадан олимпиадалық резервтегі Қарағанды қаласының мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-де жаттықтырушы-оқытушы болып істеді. 2015 жылдың қазан айынан бастап қазіргі күнге дейін осы мектептің басшысы болып қызмет атқарды


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика