Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 20 Қараша (18:25)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағандыда облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары мен қызметкерлерінің бірінші Спартакиадасы болып өтті.

Жарысқа қатысушылар, олардың саны 500-ге жуық, біріншілікке дайындықтың және оны өткізудің жоғары деңгейін көрсетті. Бірінші жарыстың өзі басынан аяғына дейін сәтті болды. «Біз зор рахатқа бөлендік, бір сергіп қалдық, спорттық бәсекелестіктің, беріле ойнаудың жағымды әсерін сезіндік. Бірінші спартакиада тамаша өтті, енді оның дәстүрге айналатынана сеніміміз зор», - дейді оған қатысушылар бірауыздан.

Біріншілік 11 және 12 мамыр күндері болды. Спартакиада аясында «Жастар» спорт кешенінде, «Шахтер» стадионында және Н.Әбдіров атындағы спорт сарайында волейболдан, стол теннисінен, шахматтан, дойбыдан, кірдің тасын көтеру спортынан және арқан тартудан жарыс өтті.

-  Мәслихаттың депутаттары мен қызметкерлері 25 жылда мұндай жарысқа бірінші рет қатысып отыр. Біз облыстық мәслихат пен облыстық спорт басқармасының мұндай спартакиада ұйымдастырғаны үшін өте ризамыз. Әрбір команданың мүшесі өзінің жанына жақын спорт түрін таңдап алып, сол бойынша таңдаулы нәтижеге жетуге тырысты, - дейді Саран қалалық мәслихатының аппарат басшысы Заря Біләлова.

Бұл жерде Сараннан келген осы команда волейболдан – екінші, стол теннисінен – бесінші, шахматтан – жетінші орынға ие болғандығын атап айтуымыз керек. Егер жеңімпаз болу және жүлдегер атану үшін сартакиадада 18 команда күш сынасқанын ескерсек, бұл нашар көрсеткішке жатпайды.

Облыстық мәслихаттың депутаттары мен қызметкерлері де тамаша ойын көрсетті, олар стол теннисінен таңдаулы, арқан тартудан үшінші орын алған болса, әйелдер арасындағы шахмат біріншілігінде төртінші орынды қанжығасына байлады. Қаражалдан келген өкілдер де таң қалдырмай кеткен жоқ, олар волейболдан, дойбыдан (ерлер), шахматтан (әйелдер) бірінші орынға шықса, арқан тартудан екінші орынға тұрақтады. Қарағанды қалалық мәслихатының командасы арқан тартудан ең жақсы нәтиже көрсетті, стол теннисінен екінші және дойбыдан (әйелдер) және шахматтан (ерлер) үшінші орынды иемденді. Теміртаудан келген команда екі жарыс түрінен жүлдегер атанды: ерлер кірдің тасын көтеру спортынан екінші орынды, әйелдер шахматтан үшінші орынды олжалады.

Сол сияқты жарыста жеңімпаз және жүлдегер болғандарды атап өтейік:

*Приозерск – шахматтан (әйелдер) екінші орын;

*Ақтоғай ауданы – дойбыдан (әйелдер) бірінші орын;

*Бұқар жырау ауданы – дойбыдан (әйелдер) екінші, кірдің тасын көтеру сапортынан үшінші орын;

*Жаңаарқа ауданы – дойбыдан (ерлер) екінші, стол теннисінен үшінші орын;

*Қарқаралы ауданы – кірдің тасын көтеру сапортынан бірінші, дойбыдан (ерлер) үшінші орын;

*Нұра ауданы – шахматтан (ерлер) екінші орын;

*Осакаров ауданы – шахматтан (ерлер) бірінші орын алды.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика