Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 22 Маусым (05:39)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағандылық Никита Амоскин мен Анастасия Долганюк спорттық акробатикадан әлем чемпионы атанды!

Осы жуырда ғана, яғни ақпан айында, бұл жұп Бкльгияда өткен Халықаралық турнирде таңдаулы атанған еді. Ал бұл дүбірлі жарысқа Германиядан, Ресейден, Украинадан, Беларссиядан, Болгариядан, Австралиядан, Әзербайжаннан, Польшадан, Португалиядан, Франциядан, Испаниядан, Нидердандтан, және Ұлыбританиядан барлығы 453 акробат қатысқан еді. Ал сәуірдің 10-ы күні Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының гимнастикадан МБЖСМ тәрбиеленушылері Никита Амоскин мен Анастасия Долганюк тағы да сол Бельгияда жастар арасында акробатикадан өтіп жатқан Әлем чемпионатында жеіске жеткені мәлім болды. Жеңімпаздарды және олардың жаттықтырушылары Ботагөз Советқызы Байбақышеваны, Ирина Васильевна Загрицценконы, Ирина Анатоьевна Балагутинаны шын жүректен құттықтаймыз. Никита мен Анастасия финалдық сайыста тамаша өнер көрсетті.

Анықтама

Амоскин Никита, спорттық акробатикадаан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі. Қарағанды қаласында 1999 жылы 5 қазанда туған, №11 ОМ түлегі. Гимнастикадан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы.

Спорттық нәтижелері:

ҚР бірнеше мәрте чемпионы;

2013 жылы – «Гран-при» Халықаралық турнирінде бірінші орын (Польша);

2014 жылы – Балтық жағалауы және ТМД елдері Халықаралық турнирінде бірінші орын;

2015 жылы – Ханьчжоу қ. (Қытай) жасөспірімдер арасында өткен Азия Чемпионатында бірінші орын;

2016 жылы – Путья қ. (Қытай) жастар арасында өткен Әлем чемпионатында үшінші орын;

2017 жылы – Халықаралық турнир (Бельгия) жеңімпазы.

Долганюк Анастасия, спорттық акробатикадаан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі. Қарағанды қаласында 2003 жылы 27 тамызда туған. Гимнастикадан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы.

Спорттық нәтижелері:

2013 жылы – «Гран-при» Халықаралық турнирінде бірінші орын (Польша);

2014 жылы – Балтық жағалауы және ТМД елдері Халықаралық турнирінде бірінші орын;

2015 жылы – Ханьчжоу қ. (Қытай) жасөспірімдер арасында өткен Азия Чемпионатында бірінші орын;

2016 жылы – Путья қ. (Қытай) жастар арасында өткен Әлем чемпионатында үшінші орын;

2017 жылы – Халықаралық турнир (Бельгия) жеңімпазы.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика