Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 22 Қазан (18:50)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сергей Ершов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова, қалалық мәслихаттың депутаты Төлеген Әшімов өңір спорт мектептерінің басшыларымен, спорт жұртшылығы мен жастар өкілдерімен кездесті

Жуырда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен мәжілісінде сөйлеп, әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған бес бастаманы атап өтті. Кездесу кезінде сенатор Сергей Ершов, міне, осы Елбасының еліміздің дамуы үшін белгілеп берген жаңа бағыттарын қатысушыларға жеткізді. Ол бес бастаманың әрқайсысына жеке тоқталды. Ең бірінші «7-20-25» атауымен белгілі бстама тұрғын үй алу бағдарламасы бойынша жаңа мүмкіндіктер көздейді. Сергей Михайлович Ұлттық банк қазір бұл өте қажет және мерзімінде жарық көрген жобаның тоқтаусыз жүзеге асырылуы үшін барлық алғышарттарды жасаумен айналысуда екендігін түсіндірді.

- Жұмыс істейтін әрбір қазақстандықтың ипотекалық несие алуға мүмкіндігі бар. Несиенің сыйақы мөлшері қазіргідей 14-16 пайыз емес, жеті пайыздан аспайтын болады. Егер қазіргі кезде банк алғашқы жарна ретінде 30 пайыз, кейде 50 пайыз төлеуді талап ететін болса, енді ол 20 пайыздан аспақ емес. Несие мерзімі бұрын 10-15 жылға беріліп келсе, енді ол 25 жылға созылды. Бұл халықтың ай сайынғы төлем мөлшерін төмендетуге мүмкіндік береді, - деп түсіндірді сенатор.

Екінші бастамашылық – айлығы төмен қызметкерлердің салық жүктемесін төмендету. Еңбек ақысы салыстырмалы түрде төмен қазақстандықтарды қолдау үшін салықты 10 есе төмендетуді көздейді. Яғни жалақыны 25 есе АЕК-тен аз алатындар үшін салық жекелей есептелетін болады. Бұл 60 мың теңгеге жуық, - деп түсіндірді Сергей Ершов. - Осының нәтижесінде жұмыс берушіге ауырлық түсірмей, екі миллион адамның айлық жалақысы өсетін болады. Үкіметке табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеу тапсырылды. Яғни, дамыған елдердегі сияқты көп ақша табатындар салықты да көп төлейді...

Басты мақсаты бұрынғы 54 мыңның орнына жыл сайын қосымша 20 мың грант бөлу және мемлекттік-жекешелік әріптестік принциптерімен студенттік жаңа жатақханалар салу арқылы жоғары білімнің қолжетімдігі мен сапасын артыруды көздейтін үшінші бастама бойынша түсіндірмелерден соң кеездесуге қатысушылар арасында сұрақтар мен ұсыныстар пайда болды.

- Орта білім алған, жетістігі спортшылар жоғары оқу орнына түскен кезде ешқандай жеңілдік жасалмайды, - деп атап өтті Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Наталья Сухорукова. – Бұрын университеттер спортпен шындап айналысатын студенттерді қабылдауға мүдделі болатын, қазір мұндай жастарды тартуға оқу орындарында ұмтылыс жоқ.

Әріптестері де Наталья Евгеньевнаны толығымен қолдады, жаттықтырушылардың бірі:

- Осындай проблеманың салдарынан біз жас, болашағы бар спортшылардан айырылып қалып жүрміз, олардың мәселесін шешуге, жоғары білім әперуге уәде етіп, басқа өңірлер өздеріне қарай тартып әкетіп жүр. Мәселен, спорт шеберлігіне кандидаттарды, спорт шеберлерін кем дегенде 50 пайыздық жеңілдікпен қабылдауға болады ғой, - деп ақтарыла сөйледі.

Бұған қоса Ә.Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балалардың мектеп-интернатына колледж мәртебесін беру мәселесі де көтерілді. Мұндай өзгерістен соң орта арнаулы білім алған оның түлектері өздерінің келген селолық аудандарына барып, спорт нұсқаушылары болып еңбек етер еді.

- Осы ұсыныстардың барлығын кездесудің хаттамасына енгізіп, маған тезірек дайындап беріңіздер, - деп жауап қатты сенатор. – Мен бұл мәселелерді міндетті түрде талқылауға ұсынамын.

Бұдан соң С.Ершов Президенттің әлеуметтік жаңғырту бойынша көптеген қазақстандықтың өзінің кәсібін ашу үшін шағын несиелендіруді ұлғайту және елімізді газдандыру туралы төртінші және бесінші бастамалары туралы түсініктер берді.

- Тәуелсіздік жылдарында газ өндіру көлемі сегізден екі мың миллиард текше метрге дейін ұлғайды, бұл көрсеткіш жыл сайын арта беретін болады. Соған орай Президенттің атап өткеніндей, газдандыру көлемі қазіргідей тек 50 пайыз ғана емес, негізінен батыс және оңтүстік өңірлердегі тоғыз облысты қамтымақ. Бұл мәселені шешу үшін Қараөзек (Қызылорда облысы) – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана бағыты бойынша магистральдық газ құбырын тарту ұсынылды. Бұл жоба экономикалықпен қоса экологиялық та тиімділік әкелмек, - деп баса айтты Сергей Ершов.

Сенатордың атап өткеніндей, Президенттің бастамаларын жүзеге асыруды жеделдету үшін Парламент депутаттары өңірлерге шығып танысып, олардың ерекшеліктерін ескере келіп, заңнамалық бастамалар ұсынуды көздеп отыр.

- Осылардың барлығын, Елбасының дер кезінде, негізді, аса қажет және болашағы зор ұсыныстарын, неғұрлым тезірек орындау үшін Үкімет пен депутаттардың ауқымды жұмыстар атқаруына тура келеді,- дейді ол.

Кездесу барысында сенаторға тағы бірнеше ұсыныс түсті, оған ірі спорт нысандарының құрылысын салу үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлу жөніндегі мәселені мысалға келтіруге болады.

Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Төлеген Әшімов дене шынықтыру-сауықтыру кешендері сияқты нысандарды облыстың да қаржысына салуға болатындығын айта келіп:

- Ал, халықаралық деңгейдегі ірі нысандардың құрылысын салу үшін республикалық бюджеттің көмегі қажет. Мысалы, Қарағандыға әлемдік стандартқа сай келетін жаңа стадион қажет. Қазіргі «Шахтер» салынғалы 60 жылдан асып кетті. Бірақ мұндай аса ауқымды құрылысты жергілікті қаражаттың есебінен тұрғызу мүмкін емес, - деп тоқталды.

Сол сияқты Қарағандыда футбол және жеңіл атлетика манеждері, ұлттық спорт түрін дамыту үшін ипподром салынса жаман болмас еді деген тілектер айтылды. Ірі кәсіпорындардың қызметкерлерін бұқаралық спортпен қамту мәселесі де көтерілді.

Қорыта айтқанда қатысушылар кездесудің тек ақпараттық мәнге ғана емес, сонымен қоса мазмұнды да болғанын атап өтті. 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика