Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 21 Сәуір (04:18)
Официально

Язык: Қазақша

Жуырда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дұрыс пайдалану туралы семинар болып өтті. Оған өңірдегі спорт мектептерінің басшылары қатысты.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану саласын реттейтін заңнамаларды толық және сауатты түсіндіру мақсатында, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасына құқықтық жаппай оқыту жоспарының аясында семинар өткізу үшін облыс Ішкі саясат басқармасының идеологиялық насихат және әдістеме жұмыстары бөлімінің басшысы Әйгерім Исабекова арнайы шақырылды.

- Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан егемен ел ретінде қалыптасудың үлкен және күрделі жолынан өтті. Бүгінгі біздің еліміз – әлемдік қауымдастықтың беделді өкілі, онда әлеуметтік-экономикалық дамудың, қоғамдық келісімді сақтаудың және нығайтудың, сол сияқты орнықты саяси жүйенің өзіндік үлгісі қалыптасқан, - деп атап өтті өзінің кіріспе сөзінде Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Наталья Сухорукова. – Әлемнің барлық елдері сияқты Қазақстанның да өзіндік бет-бейнесінің ажырамас бөлшегі болып табылатын, әлемге танылған рәміздері бар. Біздің мемлекеттік рәміздеріміз тәуелсіздік жылдары жасалып, бекітілген, сондықтан олар геральдика тілінде Қазақстан халқының рухани құндылықтарын бейнелейді. Соған орай рәміздерді дұрыс пайдалану өте маңызды, оларға өте жауапкершілікпен қарауымыз керек.

Семинар спикері Әйгерім Исабекова спорт мектептерінің басшыларына мемлекеттік рәміздерді заңға сәйкес қалай насихаттау және қалай қолдану туралы сауатты және жан-жақты әңгімелеп берді. Мемлекетіміздің мұндай маңызды саяси құрамдас бөлегіне жауапсыз қараудың кейбір нақты мысалдарын келтірді. Семинарға қатысушылар өздерін толғандырып жүрген көптеген сұрақтар қойды. Соның ішінде мемлекеттік рәміздерді спортшылар мен жанкүйерлер қай жерде, қалай қолдану керек деген де сұрақ болды.

- Кездесу мазмұнды да маңызды болды. Біз өзімізге қажетті талай ақпарат алдық, - дейді бірауыздан спорт мектебінің басшылары. 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика