Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 15 Қазан (18:57)
Официально

Язык: Қазақша

Құрметті спортшылар, ардагерлер мен спорт сүйер қауым!

Көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Ол ұлтына және діни сеніміне қарамастан Қазақстанда тұратын барлық халықтардың басын біріктіретін ұлық мереке. Дана және салиқалы мемлекеттік саясаттың арқасында елімізде бейбітшілік, достық және өзара жарқын қарым-қатынас салтанат құруда. Бұл біздің жалпы халықтық байлығымыз, қазақстандықтардың басты құндылығы.

Көктемнің осындай күн сәулелі мерекесі достықтың жібін жалғап, өзара қарым-қатынас пен түсіністікті нығайта беретін болсын! Бізге көктеммен бірге келетін жылу мен үміт ұшқыны Наурыз адамдардың бейбіт өмірге деген, мейірімділік пен келісімге деген ұмтылысын көңілдеріне ұялатсын. Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға денсаулық, бақыт пен құт-береке тілейміз. Жаңғыру мен көктем бейнелі Наурыз Сіздерге жаңа бастамалар мен ізгілік арнасында жаңа күш-қуат, жаңа шабыт әкелсін!


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика