Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 22 Қазан (18:43)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында бағыныстағы мекемелердің басшыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлық тақырыбында кеңес болып өтті

Бұл шара екінші наурыз күні өтті.
- Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазір барлық елдердің тәжірибесінде, оның ішінде саяси дамуға қарамастан Қазақстанда да байқалып отыр, тек жағдайды оның ауқымымен ғана анықталуда екендігін, біздің еліміз үшін сыбайлас жемқорлықты болдырмау мемлекеттік саясаттың басты бағыты екендігін, оның басымдығын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев нақты айтып берді, - деп атап өтті өз сөзінде басқарма басшысы Наталья Евгеньевна Сухорукова. – Яғни сыбайлас жемқорлықпен күрес дегеніміз қазіргі кезде әрбір азаматтың маңызды міндетіне айналып отыр.
Семинар-кеңесті кездесуге арнайы шақырылған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Қарағанды облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Олжас Бұрханов сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін жауапкершілік туралы айтып берді.
- Біздің елімізде қол сұқпайтын ештеңе жоқ, заңның алдында барлығы бірдей. Оған соттарда қаралған және қаралып жатқан аса жоғары лауазымды мемлекеттік қызметшілер туралы атышулы істер дәлел бола алады, - деді өз сөзінде Олжас Бұрханов. – Елбасымыз сыбайлас жемқорлықпен күресті ең басты бағыттардың бірі ретінде белгілеп берді, өйткені мұндай кері көрініс біздің еліміздің дамуын, реформалардың жүргізілуін тежейді, елімізге аса ауқымды залал келтіреді...
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент өкілінің нақты ақпараттық әңгімесінің соңын Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалар мен жобалар туралы бейнетаспа қорытындылады. Онда мұндай қылмыстарға барып, заңды бұзған, мемлекетке орасан зор шығын келтіргені үшін жазаға тартылған премьер-министрлер, облыс пен қалалар әкімдері, басқа да жоғары лауазымды мемлекеттік қызметшілер туралы нақты мысалдар келтірілген.
Семинар-кеңестің екінші бөлімі мемлекеттік сатып алулар тақырыбына арналды.
- Барлық тауарлар мен қызметті мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңында көзделген әдіспен сатылып алынады. Соған қарамастан іс жүзінде жеткізіп беруші келісім-шартқа қол қоюдан бас тартатын, не болмаса келісімде көзделген міндеттемесін орындамайтын жағдай жиі кездеседі, - дейді Наталья Сухорукова. – Заңға сәйкес тапсырыс беруші барлық шараларды қолдануы және мұндай жеткізіп берушіні теріс пиғылды жеткізіп беруші деп тану туралы сотқа жүгінуі қажет. Мемлекеттік сатып алу туралы сот талдауы көрсетіп отырғандай, барлығы бірдей сотқа талап арызды уақытымен бере бермейді.
Мемлекеттік сатып алулар туралы істер бойынша сотқа жүгінудің мерзімінің сақталуы туралы Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыру және құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы – заңгер Алданыш Баграмова айтып берді. Бұл мәселе бойынша кеңеске қатысушыларға нақты түсініктемелер берді. Олар сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбындағы бұл кездесудің пайдалы болғандығын, ондағы ақпараттардың кәдеге жарайтындығын атап өтті.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика