Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 22 Қазан (18:14)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағанды облысының дзюдошылары Жансай Смағұлов пен Ислам Бозбаев Тунистегі Әлемдік Гран-при кезеңінде бірінші орындарды иемденді.

Қазақстан құрама командасының қоржынына алғашқы алтын медальді ерлер арасында 75 кг дейінгі салмақта қарағандылық Жансай Смағқұлов салды. Ол финалда Косоводан келген Акила Гаковты уақытынан бұрын жеңіп шықты. Бұдан бұрынғы белдесулерде ол ресейлік Георгий Шмаковтан, француз Бенжамин Аксустан, және ирандық Мохаммад Мохаммадидан басым түскен еді.
Анықтама. Жансай Смағұлов 25 жаста (Қарағнды). Жеке бапкері: Қайдар Қанжанов. Жетістіктері: Әлемдік Гран-при кезеңінің екі мәрте күміс (2014 ж., 2016 ж.) және екі мәрте қола (2016 ж., 2017 ж.) жүлдегері, Әлемдік Гран-при кезеңінің үш мәрте (2015 ж., 2017 ж., 2018  ж.) жеңімпазы, Азия Чемпионатының қола (2017 ж.) жүлдегері, Еуропа ашық Кубогының (2017 ж.) жеңімпазы, Олимпиадағы (2016 ж.) қатысушы. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. IJF рейтингінде 14-ші орында.
Теміртаулық татами шебері Ислам Бозбаев төрт белдесудің төреуінде де жеңіске жетті. Олимпиада ойындарына қатысқан, финалдық бәсеке алдында 90 кг дейінгі слмақ санатындағы жерлесіміз тунистік Джобран Ананды, словак Петер Жилкуды және чех Давид Кламертті жерге қаратқан еді. Ал, алтын медаль үшін айқаста Бозбаев Венгриядан келген, әлемдік рейтингте бесінші орын алып жүрген Криштан Тотоны бірнеше минутта-ақ тізе бүктірді.
Анықтама. Ислам Бозбаев 26 жаста (Теміртау). Жеке бапкері: Сергей Дмитренко. Жетістіктері: Азия ойындарының қола (2010 ж.) жүлдегері, Азия чемпионаттарында екі мәрте (2011 ж., 2017 ж.) және  қола (2013 ж.) жүлдегері, «Үлкен Шлем» кезңінің екі мәрте қола (2011 ж., 2012 ж.) жұлдегері, Әлем Кубогының (2011 ж.) жеңімпазы, Әлемдік Гран-при кезеңінің қола (2015 ж.) жүлдегері, Олимпиадаға (2012 ж.) және Әлемнің үш чемпионатына (2013 ж., 2015 ж., 2017 ж.) қатысушы, «Үлкен Шлем» кезеңінің (2017 ж.) жеңімпазы. Қазақстан Республикасының спорт шебері. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. IJF рейтингінде 16-ші орында.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика